«Жасырын табыс көзі»: Қазақстанда «шалқығандар» мен «шекесі қызғандар» қай өңірде көп?
Коллаж: Оrda.kz
Жұмыс істеп жүрген әрбір үшінші қазақстандық бейресми жұмыс істейді. Зерттеулерге қарасақ келісімшартсыз-ақ қолма-қол ақша алатындар және кәсібін жасыратындар бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Energyprom ақпараттарына сүйенсек, «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамту ерекшеліктері» тақырыбында Adam Research жүргізген зерттеуде респонденттердің 36,4%-ы өз табысын жасырып, ресми еңбек келісімшартын жасаспай-ақ жұмыс істей береді. Осыдан олардың әлеуметтік кепілдіктері, еңбек құқықтарының бұзылуы болып болмаса тіпті зейнетақы қорында жинақ жоқ болуы да мүмкін.
Бұл көрсеткіштің басым бөлігі, яғни 16,6%-ы, «қолма-қол ақша» алып жұмыс істейтіндер. Бұл сандар ерлер мен әйелдер арасында тең деңгейде. Бұдан бөлек, респонденттердің 13,6%-ы «жасырын кәсібін» жүргізеді.
Ал 6,2%-ы құжатсыз-ақ әйтеу табылған бір жұмыстарды істей береді. Бейресми жұмыспен айналысатындардың басым бөлігі жастар мен зейнеткерлер.
Зерттеулерде бейресми жұмысты ең көп істейтін өңірлерді анықталды. Оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында бейресми экономикада жұмыс істейтіндердің үлесі 30%-дан асады. Бұл жағдайдың себебі — ауыл шаруашылығы, шекаралық сауда және этникалық жағынан аз ұлттардың көп болуы сияқты факторлар. Ал Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бейресми жұмыспен қамту көрсеткіші айтарлықтай төмен — 20%-дан аз.
Зерттеуде бейресми экономикадағы адамдардың әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері туралы да мәліметтер келтірілген. Мұндай адамдардың көбі орта арнаулы білім немесе мектеп білімі бар. Олар мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бейресми жұмыскерлердің табысы әр түрлі болады: қолма қол жалақы алушылар айына 100 мың теңгеге дейін табыс табады, ал «жасырын кәсібі барлар» одан әлдеқайда көп табыс табады. Мысалы, олардың 20,5%-ы айына 600 мың теңгеден жоғары табыс алады.
Дегенмен, бейресми жұмыспен қамту қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етпейді. «Қолма-қол ақша» алып жұмыс істейтіндердің 26,8%-ы қажеттіліктеріне де жетпейтінін айтады. Тек 9,4%-ы ғана «қалтадағы» табысымен негізгі шығындарын өтеуге және жинақтауға шамасы жетеді. Ал «жасырын кәсіпкерлердің» жағдайы жақсырақ. Олардың 19,7%-ы шалқып, «мұртын балта шаппай» өткізсе, 13,9%-ы негізгі шығындарды төлеуден бөлек, қаражат жинауға да үлгереді.
Ұлттық статистика бюросы мәліметтеріне қарасақ, 2023 жылы Қазақстанда 1,2 миллион бейресми жұмыспен қамтылған адам тіркелген. Олардың көбі (682,5 мың адам) ресми кәсіпорындарда еңбек келісімшартынсыз жұмыс істейді, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға өскен.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бейресми жұмыспен қамтуды еңбек нарығының екінші басты проблемасы деп санайды.
«Өткен жылы Ұлттық статистика бюросы Қазақстандықтардың еңбек ақылары бойынша 38 трлн теңге көлемінде қор есеп берген болса, зейнетақы жарналарынан бар болғаны 20 трлн теңге түсті», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, ол Қазақстандағы еңбекақы үлесі дамыған мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда төмен екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық