Жасырылған құжат: Qazaq Banki-ке ақша салған «ҚазАгро» 21 млрд қаржыдан қалай айырылды?

2018 жылы «ҚазАгро» АҚ-ға белшеден қарыз болған, банкротқа ұшыраған Qazaq Banki Алматыдағы жалпы құны 900 миллион теңге болатын 13 элиталық пәтерді беріп есеп айырысуға тырысты. Бірақ бұл «теңізге тамған тамшыдай ғана» дүние-мүлік еді. Өйткені ұлттық агрокомпания «Qazaq Bank-ке» сенемін деп 21 млрд теңгесінен айырылған еді.
Оқиғаның мән-жайын Orda.kz баяндап бермек.
Банк енді ғана құрылған кезде, «ҚазАгро» шот ашып, шамамен 20 млрд теңге салды.
Алайда кейін банктің басына қара бұлт төнген кезде «ҚазАгроның» ақшасы банкпен бірге ғайып болып кетті.
Дегенмен оған қарызын төлеу үшін Qazaq Banki «ҚазАгроға» активтерін берді. Олардың қатарында Алматыдағы жылжымайтын мүлік те бар.


Бұл туралы үш тарап (ҚазАгро, банк және пәтерлерге иелік еткен IBC «Таймас» құрылыс компаниясы) қол қойған және бас тарту туралы келісімде айтылған. Сатылымға шыққан әкімшілік ғимарат, бизнес-орталық, жатақхана мен сарайды ешкім ала қоймады. Қарызды жабамын деген ниеттегілердің осылайша ұзақ уақыт бойы айы оңынан туа қоймады.
Бұны лоттардың әрқайсысына бекітілген келісімдерден байқауға болады. Құжаттарды былай қойғанда, бұл жағдайды олардың жасырмақ болғанының өзі тым күлкілі... Orda.kz басылымының қырағы тілшілері, әрине бұл жағдайды байқады. Анықтау тіпті оп-оңай болды.

Ал енді қалай жасырмақ болғанына тоқталайық. PDF файлдардың бәрінде алдын ала графикалық редактор арқылы банкте жоғалған сомалар туралы барлық ескертулер өшірілген. Бірақ растрлық графиканың векторлық графикадан несімен ерекшеленетінін шенеуніктердің білуі екіталай. Көп жағдайда PDF файл терілген сөздерді мәтін етіп сақтайды. Яғни, файлда жазылған әріптер сурет емес, символ. Біз оны көшіріп, қайта қойып, айдан анық етіп көрсете аламыз.
Олар білмеген PDF «құдіреті»:
- мәтінді тінтуірмен ерекшелеуге;
- көшіру және қоюға болады.
Солай еттік те, банктің есепшотында 25 млрд теңге сақталғанын анықтадық.


«Банк» деп аталатын «Qazaq Banki» акционерлік қоғамы бірлесіп «тараптар» деп аталатын банктің 1 және 2-шоттың шарттары бойынша 21 368 887 718,48 (жиырма бір миллиард үш жүз алпыс сегіз миллион сегіз жүз сексен жеті мың жеті жүз он сегіз) теңге болатын жалпы берешегін ескере отырып, бас тарту төлемі туралы осы шартты жасасты» деп жазылған құжатта.
Банк бұл ақшаны қайтара алмады. Сондықтан жылжымайтын мүлікті беру арқылы ішінара өтеуді ұсынды.
13 пәтердің бәрі бір мекенжайда орналасқан. Самал-2, 33А үй. Әрқайсысының ауданы 147, 178 шаршы метр. Әр пәтер 63-тен 76 млн теңгеге дейін бағаланды. Жалпы құны 900 млн теңгедей болады.
Аударымды «Таймас» жүзеге асырды. Қарыздарды және үшінші тұлғалардың құқықтарын болдырмауды қамтамасыз етуді мойнына алды. Бір мәселе туындаған жағдайда келісім бойынша олардың мәмілелері жойылып, қарыз қайтадан шыға келетін еді. 2021 жылдан бері олардың екеуін ғана аукцион арқылы сатуға мүмкіндік туды.
Олармен қатар сатылымда болған, бірақ сатылмаған мүліктер:
- бизнес-орталық — 2,8 млрд теңге;
- жатақхана — 3,6 млрд теңге;
- әкімшілік ғимарат — 1 млрд теңге;
- Астанадағы үй — 500 млн теңге.



Аукцион сайтына қарасақ, бұлар сол күйі сатылмаған.
Депозитте тұрған миллиардтар
«ҚазАгродағы» заңбұзушылықтар туралы бұрыннан бері түрлі басылымдар жарыса жазып келеді. Тіпті OCCRP халықаралық сайтының тергеушілері де бұл жайды жазды. Күмән тудыратын түрлі салымдар туралы мәселе 2020 жылы көтерілген екен.
Сол кезде «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясына қатысты тергеу жүрген еді. Тергеушілер ауылдағы кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беретін 11 миллиард теңгені осы корпорацияның қызметкерлері алып, банктегі депозитке салғаннан кейін тергеуді бастаған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сол кездегі басшысы Алик Шпекбаев мәлімдеді.
Ал 2019 жылдың күзінде Аграрлық несие корпорациясының басқарушы директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды. 2018 жылы корпорация басқармасы төрағасының орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған болатын. Ол өзінің қарамағындағылардан пара алған. Дәл осы кезеңде корпорацияның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының басшысына қатысты іс қозғалды. Сол жылы бүкіл елді арзан өнімге бөктіріп, қамтамасыз етуге міндетті холдингке мемлекет БЖЗҚ-дан 450 млрд теңге бөлген.
Informburo.kz басылымы «ҚазАгро» холдингінің көп жылдан бері шығынға батып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін холдингтегі қаржылық жағдай әлсіз басшылықтың көрсеткіші екенін айтқан болатын.
Qazaq Banki-нің құлдырауы
Банк 1993 жылдан бастап жұмысын бастады. Ұзақ уақыт бойы әжептәуір дамып, өркендеп келе жатқан болатын. Бірақ 2013 жылы оны жылжымайтын мүлікпен айналысатын және құрылыс саласындағы кәсіпкерлер тобы сатып алды.
2017 жылға қарай банк қарыздарын қайтара алмай және сұраныс бойынша елеулі қиындықтарға тап болды. Халық банкі оны қарыздары үшін сотқа да берген. Сол кезде Ұлттық банк тарапынан тексеру басталды. Ал 2018 жылы банк төлеуге қабілетсіз деп танылды. Сол жылдың тамыз айында лицензиясынан айырылды.
Ақыры банк банкротқа ұшырады. Қарапайым салымшылар депозиттерге кепілдік беретін қордың арқасында ақшаларын қайтарып алғанымен, қалғандарының қаражатын қайтарып алу мәселесі оңайға соқпайтын іс болып қалды. «ҚазАгро» банктегі ірі қаржы иелерінің бірі қарыздың бір бөлігінің орнына жылжымайтын мүлікті беруге келісіп, шығынды азайтуға тырысып бақты.
Автор: Илья Астахов
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты