«Жасыл даму» ұйымының басшысы болып Жанат Самат тағайындалды
Фото: gov.kz
«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып Жанат Самат тағайындалды, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұйрыққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов қол қойған.
Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Есенов атындағы Ақтау университетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
- Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ірі салық төлеушілер қызметін талдау және мониторинг бөлімінің бас салық инспекторы (2001);
- Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша даулар мен консультациялар бөлімінің, жеке тұлғалардың аудиті басқармасының, жер қойнауын пайдаланушылардың аудиті басқармасының бас салық инспекторы (2001-2005);
- «Салық Консалтинг» ЖШС аудиторлық компаниясының кеңесші-аудиторы, Алматы қаласы (2005-2006);
- Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары (2008-2009);
- «Маңғыстау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жобаларын үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының директоры (2009-2010);
- «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры-аппарат басшысы, басқарма төрағасының орынбасары (2010-2012);
- «Байқоңыр (Байқоңыр)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы, Қызылорда қаласы (2014-2016);
- ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі (2019-12.2020).
- 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарды.
Еске салсақ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы «Жасыл даму» АҚ атынан мемлекеттік ұйым болып табылады. «РОП Оператор» ЖШС-ның кәдеге жарату ақысын әкімшілендіру және тиісті қаражатты кәдеге жарату бойынша қызметі тоқтатылды. Утиль алым есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне өтті. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын орындау «Жасыл Даму» АҚ-на берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық