«Жасыл Даму» қашан төлемдер қабылдайтыны белгілі болды
Әкімшілік қалдықтарды жою төлемінің басқару функциясы «Жасыл даму» АҚ-на өтті. Алғашқы төлемдер 24 қаңтардан бастап қабылданады, деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
«Қазіргі таңда «Жасыл Даму» АҚ екінші деңгейлі банктерде шот ашып, сонымен қатар төлем жүйелеріне өзгерістер енгізіп жатыр. Дүйсенбіден бастап, яғни 24 қаңтардан бастап «Жасыл Даму» АҚ қайта өңдеу төлемдерін қабылдау жұмыстары қайта басталады» делінген хабарламада.
Министрлік 24 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы техникаларына жеңілдік сертификаттарын (ваучерлер) де пайдалануға болатынын атап өтті.
«Оператор ескірген көліктерді жеткізуге өтінімдерді ӨКМ Операторының бұрынғы сайты арқылы қабылдай бастайды. Ескі көліктерді қабылдау пункттері де жұмысын қайта жандандырады» деп хабарлады министрлік.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы техникасына сертификаттар берілетін сома, сондай-ақ пайдаланудан шығарылған көліктерді жеткізгені үшін өтемақы төлемдері құтқару нормаларын қайта қарауды ескере отырып түзетілетін болады.
Экология министрлігінің басшысы Серікқали Брекешевтің айтуынша, тарифтерді қоғам өкілдері де кіретін Ведомствоаралық жұмыс тобы қайта қарайды. Ол ақпан айының соңына дейін тарифтерді бекітуді жоспарлап отырғанын еске салды.
«ӨКМ механизмінің ашықтығы үшін мүдделі тұлғалармен бірлесіп, ӨКМ операторының даму стратегиясына және инвестициялық саясатқа және қолданыстағы рәсімдерді оңайлатуға қойылатын ағымдағы талаптар қарастырылады» деді министрлік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық