Жасөспірім қызды тізерлетіп қойып, кешірім сұратты: ШҚО полициясы қорқыту фактісін жоққа шығарды
Фото: Elements.envato.com
Алайда құрбысын қорлаған оқушы арнайы мектепке жіберіледі. Мұндай шешімді кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz порталы Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Жақында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында оқушы қызды қорлаған оқиға туралы жазған болатынбыз. Редакциямызға жолданған бейнежазбада орта мектеп оқушыларының балағат сөз айтып, өздерімен қатарлас қызды қорлап жатқаны: қызды тізерлетіп қойып, бетінен ұрып, ақша бопсалағаны көрінеді.
Yk-news.kz жазғандай, оқиғаны тергеп жатқан құқық қорғау органдары бұл істі қорлау ретінде есепке алмаған.
«Бұл оқиға қорлау санатына жатпайды және оны полиция қылмыстық заңнамаға сәйкес қарастыруда. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясы заңсыз әрекеттерге барған жасөспірімдерді Серебрянск қаласындағы өрескел мінез-құлықтағы балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберу туралы шешім шығарды», - деді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.
Полицейлер «Бопсалау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Зайсан аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмағандарға қатысты бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сот-медициналық сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жасөспірімдер мектепте ішкі есепке алынған. Олардың жүріс-тұрысын Зайсан ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау комиссиясы қарап шықты», - дейді ШҚО ІІД бастығының орынбасары Қазбек Тақжанов.
Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеудегі өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Зардап шеккен қызбен мектеп психологтары жұмыс істеп жатыр. Олар оған күйзелісін жеңуге көмектеседі.
Жаңалықтар
- ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
- Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті
- Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады