Амнистиямен босап шыққан адам өліміне күдікті экс-әкімдік қызметкері қайта қамалды
Коллаж Orda.kz
Таразда 18 жастағы жігіттің өліміне кінәлі деген күдікке ілінген бұрынғы әкімдік қызметкері қайта қамауға алынды.
Бүгін Жамбыл облыстық апелляциялық сот отырысы өтті. Сотты судья Ләззат Рамазанова төрағалық етіп, Ж. Жолдасовты 28 ақпанға дейін қамаққа ұстау туралы шешім шығарды. Оны Orda.kz тілшісіне марқұм жігіттің әкесі хабарлады.
Еске салсақ, былтыр 23 қараша Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында таңғы сағат 06:30 шамасында Сейфуллин-Әл-Фараби көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды.
Қайғылы жағдай орын алған күні кешке Nexia көлігінің дөңгелегі жарылып, ол жол ортасында тоқтауға мәжбүр болған. Жолға апат кезінде қолданылатын белгі қойылған. Жүргізуші қосымша дөңгелекті алу үшін көліктің жүксалғышын ашып тұрғанда арт жағынан BMW автокөлігі келіп соққан.
Оқиға орнында Nexia көлігінің жүршігізушісі 18 жастағы Мейірбек Уалиханұлы қайтыс болған. Ол - колледж студенті. Кешкі уақытта Nexia автокөлігімен такси жүргізушісі болып қызмет етіп жүрген.
Артынша BMW көлігін бұрынғы әкімдік қызметкері тізгіндегені белгілі болды. Ол оқиға орнынан қашып кеткен.
Айта кетсек, бұған дейін күдікке ілінген азамат амнистия арқылы бостандыққа шыққан. Алайда, марқұмның отбасы апелляциялық шағым түсірген. Олардың шағымы қанағаттандырылды. Енді күдікті 28 ақпанға дейін қамауға алынды.
Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық