Жас ұрпақтың жан серігі – «Ұлан» газетіне 95 жыл толды
Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткен Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» газетінің 95 жыл толуына арналған конференцияға кезінде қалам тербеген ардагер журналистер мен бүгінде қолына қалам ұстап, ой тербеген жас тілшілер қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алғашқы балалар басылымы 1930 жылы 14 наурызда «Жас Алаш» басылымының ішіндегі қосымша ретінде жарық көрді.
Басылым 1930 жылдан бері «Пионер», «Октябрь балалары», «Қазақстан пионері» деген атаулармен шығып, кейіннен «Ұлан» газеті аталды. Басылым балалар журналистикасы мен әдебиетінің дамуына үлес қосып қана қоймай, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін оқу құралына айналды десек, артық айтқандық емес.
Осы күнге дейін газеттің бас редакторы қызметін атқарған Кемел Тоқаев, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Сұлтан Қалиұлы сынды ақын-жазушы, журналистер тілшілікке ұмтылған жас буынға бағыт-бағдар беріп, сара жол ұсынды. Мыңдаған бала «Ұланға» хат жазып, алғашқы туындыларын жолдап, жауабын асыға күтіп, жазбасы жарияланса – төбесі көкке жете қуанатыны да рас. Осынау ғасырға жуық уақыт аралығында басылым жас оқырманның досы, сырласы, ақылшысы, көмекшісіне айналды.

Газетті 95 жылдық тарихында 24 редактор басқарды:
1. Ахмет Нұралин (1930 - 1932 жж)
2. Сақтаған Бәйішов (1932 – 1934 жж)
3. Несіпбай Манашев (1934 – 1935 жж)
4. Сабыр Ілиясов (1937 – 1938 жж)
5. Бәкібай Бейісов (1938 – 1939 жж)
6. Рамазан Амангелдиев (1939 1940 жж)
7. Әли Есмәмбетов (1940 – 1941 жж)
8. Жұмаш Қонақбаев (1946 – 1948 жж)
9. Ғалым Хателов (1948 1954 жж)
10. Кемел Тоқаев (1954 – 1956 жж)
11. Мұқан Мамажанов (1956 – 1958 жж)
12. Сансызбай Сарғасқаев (1958 – 1961 жж)
13. Әбілфайыз Ыдырысов (1961 – 1965 жж)
14. Сейдахмет Бердіқұлов (1965 – 1970 жж)
15. Фариза Оңғарсынова (1970 – 1977 жж)
16. Бейбіт Қойшыбаев (1977 – 1980 жж)
17. Уәлихан Қалижан (1980 – 1986 жж)
18. Бейсенбай Сүлейменов (1986 – 1989 жж)
19. Ғалым Доскен (1989 – 1991 жж)
20. Сұлтан Қалиұлы (1991 – 2008 жж)
21. Есей Жеңісұлы (2008 – 2012 жж)
22. Бағдат Мәжит (2012 – 2014 жж)
23. Жұлдыз Әбділда (2015 – 2018 жж)
24. Жадыра Нармаханова (2018 жылдан бері қазірге дейін)
«Ұланың» 95 жылдық мерейтойына газеттің бұрынғы бас редакторлары, әр жылдары газетке хат жазып, журналистік жолы осы басылымнан бастау алған журналистер, газеттің бұрынғы-қазіргі жас тілшілері мен мектеп оқушылары қатысты.
«Бүгінгі шараға бізде бар қазір тарихымыздағы, мұрағатымыздағы суреттердің бәрін шығардық. Біздің мұрағатта байқасаңыздар 500-ге жуық сурет бар. Бұл «Ұлан» деген газеті – жалпы қазақ журнлистикасының ұстаханасы. Сондықтан кез келген жас оқырманның осы газетке жазылуға мүмкіндігі бар», - дейді «Ұлан» газетінің бас редакторы Жадыра Нармаханова.
Кешке арнайы келген қонақтар газет тарихынан сыр шертетін «Ұлан» – ұлағатты үнпарақ» фотокөрмесін, роботтехникасы көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған фотоүйшікте суретке түсті. Концерттік бағдарламада Ахмет Жұбанов, Абай мектептерінің оқушылары өнер көрсетті. Аталған мектеп оқушылары мерейтойда өнер көрсетуге өздері ұсыныс жасағаны ерекше қуаныш сыйлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық