Жас дзюдошының қазасы немесе Түрікменстан президентінің туыстары жеңісті қалай тартып алмақ болды
Түрікмен оппозициясының жетекшісі Халмурад Сойуновтың арнасында жүректері қарс айрылған бозбаланың ата-анасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке өтініш білдірді.
«Біздің ұлымыз Америкада Түрікменстанның туын көтеріп чемпион боламын, сол кезде Түрікменстан президентінің өзі қолымды алады деп армандады. Мен әділеттілік сұраймын, кінәлілердің заңды түрде толық жазалануын талап етемін!», - дейді Сүлейменнің анасы көз жасын төгіп.
Көз жастары көл болған ата-ана балаларының жазықсыз қанын төккен қылмыскерлердің жазасыз қалмауын сұрап, әділеттілікке шақырады.
Мәселе мынадай, 18 ақпанда Түрікменстанда қайтыс болған 14 жастағы дзюдошы Сүлейман Тұрсынбаев оқыған спорт интернат басшысының орынбасары журналистерге жасөспірімнің тіс жұлудан кейін аққан қаннан қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Turkmen.news.
Бұл оқу мекемесі мен тергеу органдары ұстанған спортшы өлімі себебінің ресми нұсқасы. Бірақ оқиғаның тағы екінші нұсқасы бар, оған сәйкес жасөспірімнің өліміне мүлде басқа оқиғалар себеп болған.
Ақпан айының басында Сүлейман Тұрсынбаев жергілікті дзюдо жарыстарының біріне қатысады. Шешуші матч алдында оған қарсыласынан жеңіліп қалуы керек деген емеурін білдіріледі. Бірақ жас бала бұл емеурінді мүлде түсінбеген. Болмаса жеңісті қолдан бере салғысы келмеген. Нәтижесінде ол бірінші орынды иеленіп, ол өз салмағында чемпион атанды. Бірақ бала мен оның тәлімгерінің қуанышы ұзаққа созылмады. Турнир аяқтала салысымен белгісіз адамдар жаттықтырушыны аяусыз ұрып-соққан. Артынша біреулер жігітті белгісіз бағытқа алып кеткен. Кейінірек өлімші етіп сабалған, қатты соққыға жығылған жасөспірімді көшеге тастап кетеді.
Кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырып, бірнеше күннен кейін жігіт алған жарақаттарынан ауруханалардың бірінде қайтыс болды.
Жасөспірімнің ата-анасы баланы ұрып-соққаннан кейін «оның бүкіл денесі ауырды», бас сүйегінде жарықшақ пайда болды, ал бауыры «қанды былыққа» айналды дейді. Сүлейманның әлі тірі кезінде ауруханадан түсірілген қысқа бейнежазбада аурухананың дәрет ыдысы қанды сұйықтыққа толып кеткені көрінеді.
Адам құқықтары жөніндегі түрікмендік Хельсинки қорының хабарлауынша, марқұм 20 қаңтарда іріктеу жарыстарына қатысқан, екі күннен кейін ол облыстық ауруханаға түскен, 27-де сол жерде алған жарақаттарынан қайтыс болған. Қор жасөспірімнің басқа оқушылармен қарым-қатынасының онша еместігін айтты. Ол шәкірттердің қоқан-лоққысы мен ұрып-соғуы туралы мекеме басшысының орынбсары Оразкулиеваға бірнеше рет шағымданған.
Орталық Азия бойынша сараптамалық орталық спортшыдан президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедовтің әйелі туысынан жеңіліп қалуды сұрағанын жазды. Кейбір ақпарат көздері Тұрсынбаевты Гурбангулы Бердымухамедовтің жиендерінің бірінің күзетшілері ұрлап әкеткені туралы хабарлады. Орталықтың мәліметінше, прокуратураға спортшы өлімінің себептерін тергемеу туралы бұйрық түскен. Марқұмның анасы Зияда Ходжакованы белгісіз біреулер Ашхабадқа алып кеткен.
Бас прокуратура немесе Ішкі істер министрлігі Сүлейман Тұрсынбаевтың өлімі мен оның бапкерін аяусыз соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, заңды үкім шығарады деп үміттену бекер. Осының бәрінің артында президентке жақын адамдар тұрғанда, тіпті сот жүйесі де олардан заңды талап етуге қауқарсыз.
Жаңалықтар
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды