Жас депутат Жансая Әбдімәлік жоспарымен бөлісті
15 қаңтарда Алматыда VII шақырылым мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Жаңа құрамда әйелдердің үлесі 31%-ды, жастардың үлесі 24%.
Әкімдіктің жоспарынша - бес жыл ішінде «NEET» санатындағы 3 мыңнан астам жастар кәсіптік оқудан өтеді, «Жасыл ел» шеңберінде 5 мың жас уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. 25 ЖОО-да 16 мың орындық 38 жатақхана, колледждерде 600 орындық 2 жатақхана салынады. Жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмысшы жастар 5 мыңнан астам пәтер алады.
Әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникация комиссиясының мүшесі, қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
«Мен зияткерлік спортты ғана емес, жалпы Қазақстан спортын дамытуда қажет көптеген мәселелер бар екенін білемін. Жастардың елден кетпей, өз Отанында жұмыс істеуіне жағдай жасау керек», - деді Жансая Әбдімәлік.
Жансаяның айтуынша жастар өмірі мен тұрмысын қолдауға байланысты өзекті мәселелерді шешіп, оларды елден кетпеуге, керісінше кетіп қалғандарды елге оралуға ынталандыру қажет.
«Менің басты мақсатым - жастарға қолдау көрсету. Мәслихатқа келу себебім де - осы жастардың өкілі ретінде оларды жақсы түсініп, ортақ тіл тауып, осы мәселелердің бәрін шешу», - деді Жансая.
Мәслихат құрамында Ж. Әбдімәлік екі бағыт бойынша: зияткерлік спортты дамыту мен жастар саясатын қолдау мәселелеріне қатысады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа мәслихат алдында алдағы 5 жылда жаңартылған мәслихат депутаттарымен бірге шешетін өзекті міндеттер ретінде: жұмыс орындары, ШОБ қолдау, өмір сүру сапасын арттыру және экология мен әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту екенін айтқан болатын.
Бүгінде қалада 692 мыңнан астам жас тұрады, оның 233 мыңнан астамы студенттер. Сондықтан, бастысы жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту, өмір сүру жағдайларын жақсарту бағдарламалары, әлеуметтік қолдау болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық