Жас ақын Асылан Қуанышұлының кітабының таныстырылымы өтті
Фото: Orda.kz
8 қараша Алматы қаласында жас ақын Асылан Қуанышұлының кітабының таныстырылымы болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кешке Қанағат Әбілқайыр, Ерлан Жүніс, Ырысбек Дәбей, Ерғали Бақаш, Мақсат Мәлік, Болат Жетекбай, Мақсұт Қосмамбетов сияқты танымал қаламгерлер келді.

Кеш Ы.Дүкенұлы атындағы музыкалық аспаптар музейінде өтті.
Ақын «Steppe & world» баспасынан шыққан кітабын «Күнбатысқа қарай 2128 шақырым» деп атаған. Ол қазір тұрып жатқан Алматы қаласынан туған жері Маңғыстауға қарай тура 2128 шақырым болған соң алғашқы кітабын солай атағанын айтты.
Кітаптың алғы сөзін заманауи қазақ поэзиясының өкілі, Жазушылар одағының мүшесі Тоқтарәлі Таңжарық жазды.
Бұл кітап Асылан Қуанышұлының тұңғыш өлеңдер жинағы. Оның өлеңдері қазақтың қара өлеңдерінен өзгеше, өзіндік нәзік иірімдер, жаңа образдар мен көркем штрихтармен көмкерілген. Кітап жыр сүйер қауымға арналған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық