Жарылыстар туралы желіде жалған ақпарат таратқан адам ұсталды
Тараз түбіндегі жарылыс кезінде адамдардың дене мүшесі жұлынып кеткенін айтып, жалған ақпарат таратқан тараздық жігіт ұсталды.
Тараз түбіндегі жарылыстар туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ол сөзінің жалған екенін мойындап кешірім сұрады.
27 тамыз күні полиция қызметкерлері инстаграм желісіне мониторинг жүргізу кезінде Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім аумағында болған жарылыстарды жоюға болмайтынын және оның күші жойқын екенін айтқан бейнежазбаны анықтады.
Бұл туралы Orda.kz порталы Хабар 24.-ке сілтеме жасап хабарлады.
Жалған ақпарат таратқан Тараз қаласының 26 жасар тұрғыны екені белгілі болды. Атпалдай азамат еш ойланбастан зардап шеккендердің қатарында дене бөліктері жұлынған құрбандар да бар екенін айтып, жалған хабар таратқан.
Ұсталған соң ол өз ісіне өкінетінін айтып, анықталмаған ақпарат салғаны үшін елден кешірім сұрады.
Еске салсақ, Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан 13 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың ішінде әскерилер, құтқарушылар және әскери прокуратура қызметкерлері бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық