Жарылыстан зардап шеккен прокурор төсекте емес, есікте жатыр
Фото: time.kz/Айжан Ауелбекова
26 тамыз Тараздағы әскери бөлімдердің бірінде инженерлік оқ-дәрі жарылып, әскерилер мен өрт сөндірушілер зардап шекті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Жақында есін жия бастаған зардап шегушілер бірінен кейін бірі журналистерге сұхбат беріп, оқиғаның қалай өрбігенімен бөлісуде.
Әскери прокурор Арман Қапезов оқиға орнына екі көмекшісімен келген. Жарылыс салдарынан бірінің омыртқасы сынған. Жарақат алғанына қарамастан ол аман қалу үшін бір шақырым жер жаяу жүрген.
– Иығыма бір адамды салып алдым. Содан кейін қоршаудан өттім, қасымдағы кісіні сүйреп шығардым. Сосын төрт метрлік траншеяға құладық. Барлығы ақырындап жолға шықты, бізге бір көлік иесі тоқтады. Бірақ көлік іші адамға толы болды. Сол көлікке әлгі кісіні отырғызып жібердім. Ешбір машина тоқтамады, адамдар үрейленіп қалған. Соңында бір әскери «Нива» көлігі тоқтады, мен соған отырдым. Ары қарай есімде ештеңе жоқ, - деді оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасының аға прокуроры Нұрбек Көшеков.
Ең қызығы, прокурордың суретінен оның төсекте емес, есікте жатқаны белгілі болды. Тым болмаса есіктің ілмегі де алынып тасталмаған.
Бұл желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті.
Еске салсақ, 26 тамыз сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. 1 адам іздестіріліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық