Жарылыста қайтыс болған әскерилердің деректері айтылды
Orda.kz
Жамбыл облысындағы әскери бөлімшеде орын алған жарылыс салдарынан төрт адамның қаза тапқаны айтылды. Қорғаныс министрлігі үш адамның деректерін жариялады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Қайтыс болғандар 40-50 жастағы азаматтар.
Қорғаныс министрлігі жариялаған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болғандар:
- Сержант Мешінбай Марат Сайлауұлы, 40 жас
- Ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы, 40 жас,
- Әскерилендірілген күзет қызметшісі Далибаев Оразбек 52 жас
Әскери бөлімшеде болған жарылыстарға қатысты брифинг кезінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қайтыс болғандар мен жарақат алғандарға заңда көрсетілген тәртіп бойынша көмектесетіндерін айтты.
Еске салайық, 26 тамыз кешке Тараз маңындағы әскери бөлімнің жанында жарылыс болды.
Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.
00:39-дар шамасында Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және Қорғаныс министрлігінің комиссиясы бар ұшақ Жамбыл облысына келген. Брифинг кезінде Бердібек Сапарбаев жарылыстың инженерлік оқ-дәрі қоймасында болғанын айтты.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды көшіру шаралары қабылданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық