Жарылыс аймағында такси құны 35 теңгеге жеткен
Тараз маңындағы жарылыстан кейін такси жүргізушілері бағаларын үш есе көтеріп, бір көліктің құнын 35 мың теңгеге бағалаған.
Жарылыс аймағынан қашып, үй-жайларын тастап бас сауғалаған халықтан кейбір такси жүргізушілері үш есе өскен баға сұраған.
Бұл туралы Orda.kz порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Зейнеткер Зализа Жураева сол кешті қорқынышпен еске алады. Жарылыстан үйлердің терезелері сынып, бала-шаға шошып қалған. Сондықтан зейнеткердің отбасы бірден басқа жаққа кетпекші болады.
— Біз қашып келе жаттық. Жарылыстар болып жатты, бірақ біз өрттен 12 шақырым қашықта болдық. Бар ақшамызды таксистерге бердік. Бүгін қайтайын десек, қалай қайтарымызды білмей отырмыз. Зейнетақы әлі түскен жоқ, – деді Байзақ ауылының тұрғыны.
Жол бойында шақырымға созылатын кептеліс пайда болып, көлік қатынасы қиындап кеткен кезде халыққа көмек қолын созудың орнына кейбір пысықайлар ақша табуды көздеген.
— Дүрбелең болды. Бағаны кім қалай қойғысы келсе, солай қойды. Баға жоғарылап, адамдар шағымдана бастады. Таңертең келсек, бір көлікке отыз, отыз бес мың сұрап тұр. Бұрын он мың теңгеге жүретінбіз. Бұл біз үшін ұят, – дейді жүргізуші Нұрбек Бексұлтанов.
Дегенмен адамгершілігін жоғалтпаған жандар да баршылық. Олар тұрғындарды барар жеріне тегін апарып жатты. Кейбіреулер тіпті халыққа қызмет ету үшін басқа қалалардан да келген. Аурухана алдын күзетіп, бейтаныс адамдарға көмектесуге тырысып, жүгіріп жүрген қайырымды жандар да көптеп табылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық