Жарты жылда мүгедек жандардың құқығы 2 мың рет бұзылған
2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері тексеріс жүргізді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Тексеріс кезінде әлеуметтік инфрақұрылымның 379 нысанында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңның 1918 рет бұзылғандығы белгілі болды.
Жалпы мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету саласында мүгедек жандарға қолжетімді ортаны қамтамасыз ету үшін 469 бақылау іс-шарасы өткізілді. Атап айтқанда, 312 жоспарлы және 157 азаматтардың өтініштері негізінде тексеріс ұйымдастырылды.
Осылайша, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңның 1603 рет бұзылуы және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңының 315 бұзылуы тіркелді.
Жалпы заң бұзушылықтың 1 500-ы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына кіріп-шығуын қамтамасыз етпеумен байланысты.
Тексеріс аясында заңбұзушылықтарды жоюға 379 нұсқама берілді. Сондай-ақ, 71 нысанға әкімшілік хаттама жасалып, 7,4 млн теңге айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық