Жарты жыл іздеуде жүрген адам пойызда ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында жарты жыл іздеуде жүрген сотталған адам ұсталды, деп хабарлайды ORDA.kz тілшісі.
6 айдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген сотталған адамды пробация қызметкерлері мен Көкпекті ауданының полиция бөлімі бірлесіп қолға түсірді.
Алаяқтық қылмысы үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылыған 20 жасар жігіт, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін пробация қызметіне есепке тұруға келмей қойған. Осыдан кейін оған іздеу жарияланды.
— Ер адам «Алматы-Өскемен» пойызында ұсталды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Енді ол 3 жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін, - деді әділет аға лейтенанты Марат Төлепбергенов.
Естеріңізге сала кетейік, 15-24 наурыз аралығында ШҚО- да «Пробация» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Мұндағы мақсат – құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық