«Жарты миллион теңгенің кеңсе тауары»: Оразалиннің қаламсабы Сапарбаевтан қалған ба?
Ақтөбеліктер облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің жұмыс үстеліндегі кеңсе заттарын арнайы бренд тауарларына қатты ұқсатты. Шенді шамамен құны жарты миллион теңге болатын «El Casco» бұйымдарын пайдаланатыны рас па?
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан Оңдасын Оразалиннің жұмыс үстеліндегі сурет кейбір қала тұрғындарының қызығушылығын туғызды. Кеңсе тауарларын «El Casco» танымал испандық брендке ұқсатты.
Кеңсе тауарларының элиталы түрін ұсынатын аталмыш компанияның парақшасын қарап шықтық.
Шенеуніктің жұмыс үстелінде тұрған қаламсалғышқа ұқсас тауар мұнда 13 175 рубль (71 519, 17 теңге) бағаланған.

Әкімнің алдында тұрған қаламсалғышы бар үстел сағатына қатты ұқсас тауар 40 800 рубль (221 478, 72 теңге) тұр.

Испандық компанияның сайтынан дәл сондай қағаз қойғышты 27 200 рубль (147 652, 48 теңге) табуға болады.

Ақпараттың шындығына көз жеткізу үшін Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқару басқармасының басшысы Мейрам Әуелбековке хабарластық.
«Әкімнің кабинеті үшін мемлекет ақшасынан бір тиын да шыққан жоқ. Кабинеттің жөндеу жұмысына да, да басқаға да ақша бөлінген жоқ. Жұмыстар демеуші көмегімен істелінді» дейді Мейрам Әуелбеков.
Мәліметті облыс әкімінің баспасөз қызметінен де нақтыладық. Баспасөз қызметі әкімнің алдында тұрған қымбат бұйымдардың қандай фирмаға тиесілі және әкімдікке демеуші болған кәсіпкердің кім екенін білмейтін болып шықты. Айтуларынша, көздің жауын алатын кеңсе тауарлары он жылдан бері бар.
«Қандай фирма екенін білмедім, іс басқармасының айтуынша, он жылдан бері бар заттар. Әрбір әкімнен ауысып, бір-біріне қойылады. Бізге дейін тұрған нәрсе. Сапарбаевтан да қалған... Мүмкін оның алдында алынған шығар. Он жылды есепте. Оның алдында Архимед бар, басқа бар. Он жыл бұрын алынған зат» дейді облыс әкімінің баспасөз қызметінен Мұратбек Ержақып.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық