Жарқын Күрентаев: «Кейбіреулер Талғардағы заңсыздықтарды жасыруға тырысады»
Фото Orda.kz
Талғар ауданындағы жағдайға қоғамның назарын аударуға тырысқан белсенділерді кімдер нысанаға алғаны және қандай жағдайда ұсталғаны туралы Жарқын Күрентаев Orda.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.
16 қазанда Алматыда Талғар ауданындағы бассыздыққа арналған баспасөз конференциясы өтуі керек еді. Онда әкімшілік тарапынан заңсыздықтар мен тәртіп бұзушылықтар туралы айту жоспарланған болатын. Алайда, шара басталардан бірнеше сағат бұрын оның негізгі ұйымдастырушысы, қоғам белсендісі Жарқын Күрентаевты полиция қызметкерлері ұстап әкетті.
Жарқын, Сізді қалай және қашан ұстады?
— Мен баспасөз конференциясына шығуға дайындалып, үйімнің қақпасын ашып жатқанда, мені 3 азаматтық киімдегі адамдар күтіп тұрды. Екеуі бүйірден келді, ал біреуі алдымда тұрды. Біреуі маған куәлігін көрсетіп, «Бізде сізді жеткізу тапсырмасы бар, бізбен бірге жүріңіз», – деді. Оларды ашуландырудың қажеті жоқ екенін түсініп, айтқандарын істедім. Біз Бесағаш ауылының ішін аралап, Талғар ауданындағы ауылдан ауылға жүре бастадық. Дәл менің ұсталғаным туралы Orda.kz сайтына жаңалық шыққаннан кейін, сол адамдардың бірінің телефонына бірнеше хабарлама келді. Біреу оларға нұсқау берген сияқты, мені бірден қайтарып алып келді. Кешірім сұрап, кетіп қалды.
Ұстау себебін түсіндірген жоқ па?
— Жоқ. «Привод» ұғымы бізде 4 заңдық құжатта бекітілген. Атап айтар болсақ, орындаушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңда, азаматтық кодексте, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте және қылмыстық кодексте. Маған олар қай заң бойынша әрекет еткенін нақтыламады. Мен сұраған кезде, кейінірек хабарлаймыз деп жауап берді. Мені қай бөлімшеге апаратынын да айтқан жоқ. Біз тек көше аралап жүрдік, бәлкім, камераларды айналып өтіп жатқан шығармыз.
Сізді ұстаған адамдар құқық қорғау органдарына қатысы бар екенін қалай дәлелдеді? Куәліктерді толық көре алдыңыз ба?
— Мені ұстаған адамдардың Алматы қалалық полиция департаментіне еш қатысы жоқ екенін білемін. Мен Талғар ауданында тұрамын, сондықтан қаланың полицейлері мұнда келмейді. Бұл Талғар ауданындағы қызметкерлер болуы мүмкін, ол жағы да белгісіз болып қалды маған. Куәлікті толық көре алмадым, бәрі тез болды. Тек фамилиясы мен аты-жөнін дауыстап оқыдым, бірақ есте сақтамадым. Тек ұялы телефонымды алып кеткенде ғана куәлікті неге түсіріп алмадым деп өкіндім.
Біз Алматы ДП-не сұраныс жіберген едік, өйткені Сізді баспасөз мәслихатына келген соң ұстады деп ойладық.
— Иә, барлығы солай ойлады.
Баспасөз мәслихаты ақыры өтті ме?
— Иә. Үйге қайтқаннан кейін бірден баспасөз мәслихатының басқа қатысушыларына қоңырау шалдым. Олар менсіз бастап кеткен екен. Осыдан кейін мен бұл оқиғадан біреулердің әдейі баспасөз мәслихатын бұзғысы келгенін түсіндім.
Бізге Әлнұр Ільяшевті де ұстады деп хабар келді, бірақ кейін ол мұны жоққа шығарды. Оған да полиция келді ме?
— Жоқ, Әлнұрды ұстаған жоқ, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі бюро оны да ұстады деп қателесіпті. Мен, Әлнұр Ільяшев және Бесғаш ауылы тұрғындарының жиналысында әкіммен кездесу барысында соққыға жығылған әйелден басқа барлық спикерлер баспасөз конференциясына қатысты. Баспасөзге негізгі спикерлер қатыса алмадық.
Бұл оқиғаға дейін немесе кейін қандай да бір оғаш нәрселерді байқадыңыз ба?
— Біз АҚмЗСЖҚХБ сайтында баспасөз конференциясын жариялағаннан кейін, маған Талғар ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі Мұрат деген біреу қоңырау шала бастады. Бірнеше рет қоңырау шалып, оқиғаларды біржақты көрсетуге болмайды деді. Пресс-конференциядан кейін болған спикерлер маған Талғардан шамамен 10 адам келгенін айтты. Олардың 5-уі залға кірді, ал қалғандары адвокат Асылбек Қараевтың оларды арандатушылық әрекеттері үшін жауапкершілікке ілігетіні туралы ескертуінен кейін тарап кетті. Нәтижесінде 5 адам үнсіз залда конференцияның соңына дейін отырды, тек 1- уі ғана сұрақ қойды. Менің ойымша, Талғарда бір адамдар біздің баспасөз конференциямыздың өткенін қаламағаны айқын болды. Айтпақшы, бұл адамдардың арасында маған қоңырау шалған Мұрат та болды.
Қадағалау белгілерін байқамадыңыз ба?
— Жоқ, байқамадым. Егер мені бақылады деген болса, оны білмеймін, себебі мен әдетте артыма қарап жүретін жалтақ адам емеспін. Күнделікті өмірде де тек өз шаруаларыммен ғана жүремін.
Демек, полиция тарапынан сізге ерекше қызығушылық байқалған жоқ па?
— Шынымды айтсам мен өзіме ерекше назар аударғанын қаламаймын. Өйткені мен азаматтық қоғамның мүшесімін. Бірақ мен қатты алаңдататыны мені парламент сайлауынан кейін, кандидат болған кезде де, бірнеше рет әртүрлі себептермен учаскеге апарды. Бұл жолы мен абдырап қалдым, бірақ таңданған жоқпын.
Басқа спикерлерге ешқандай қауіп болмады ма немесе күдікті қоңыраулар келмеді ме?
— Асылбек Қараевтың айтуынша, оған Алматы облысы ішкі саясат басқармасынан қоңырау шалып, баспасөз конференциясы туралы сұраған екен. Бұл не туралы, ол не үшін қажет екенін сұраған. Қараев мырза біздің аудандық әкімдік басшылығының заңсыз әрекеттері туралы ашық айтқымыз келетінін айтты. Қоңырау шалушылар одан Әлнұр Ільяшевтің телефонын сұраған, бірақ оған ешкім хабарласпаған екен. Қоңыраулар тек Қараев пен маған түскен. Ешқандай қорқытып-үркіту, араңдаушылық әңгімелер болған жоқ.
Талғар ауданында бұл баспасөз конференциясы кімге жақпауы мүмкін?
— Талғар ауданының тұрғындарымен сөйлескенде, олар көптеген мәселелер әкімнің бірінші орынбасары Оразхан Қаспақбаевтан туындайтынын айтты. Мен естігенім бойынша, әкімен кездесулерде ол әрдайым халықты жанжалға итермелеген. Бірде ол тұрғындармен кездесу барысында адамдардың айтқан наразылығы ұнамаған соң боқтап жіберген екен. Бірақ неге екені белгісіз, этика жөніндегі комиссия ешқандай дәлел табылмады деп жауап берді. Тағы да басқа көптеген оқиғалар болды, мен ол туралы кейінірек толығырақ айтып берермін.
Сіз алдағы уақытта қалай әрекет етуді жоспарлап отырсыз? Полицияға шағым бересіз бе?
— Құқық қорғау органдары азаматтарды тергеуге шақыруды қамтамасыз ету құқығына толық ие. Егер мен қазір шағым берсем, прокуратура мен полицияның қалай жауап беретін білемін. Сондықтан шағым жазбаймын. БАҚ -да олардың мені не мақсатта ұстап алып кеткендігін айту маған маңыздырақ. Егер прокуратура мен полиция тергеу жүргізуді шешсе, ол олардың ісі. Мен азаматтық қызметімді жалғастыра беремін. Бұл оқиға менің белгілі бір топтың ащы жерлеріне баса назар аударатынымды білдіреді.
Бұл оқиғадан қандай да бір жағымды тұстарды көрдіңіз бе?
— Иә, көрдім! Жағымды тұсы – біздің құқық қорғау органдары, ең болмағанда байсалды түрде қулыққа салып, ақылды және заңды әрекет етуге үйренгені.
Жаңалықтар
- БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды
- «Кеше сүндет той, бүгін жаназа»: Алғабаста 12 адамды жалмаған өрттен аман қалуға мүмкіндік болды ма?
- «Қолын байлап кетіп қалған»: Қарағандыда бір әйел 4 жастағы ұлын азаптады
- Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
- Ұлтаралық алауыздық қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды
- «Өрт қауіпсіздігінің жақсарғанын көрмедік»: Бектенов Жетісайдағы трагедияға қатысты пікір білдірді
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
- Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады
- Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
- Астанадағы үйдің құлаған қасбеті: Екінші фельдшер мен басқа да зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
- «Қайраттың» «Олимпиакос» және «Брюгге» командаларына қарсы матчтары Астанада өтеді
- Алғабастағы өрттің қалай басталғанын көршісі баяндап берді
- Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары осы жолы да аукционда сатылмады
- «Зиратта 15 қабір қазылды»: Алғабас ауылының тұрғындары қалған 3 адамның да қайтыс болғанын айтты
- Алғабастағы өрт: әкімдік пен полиция журналистерге кедергі келтіріп жатыр
- Атырауда 73 жастағы ер адам туысын пышақтады
- Атырауда депутаттың қатысы бар компания салған үйлер қирап жатыр
- Тағы да Талғар: 11-сынып оқушысы 14 жастағы жасөспірімге әлімжеттік көрсетемін деп өлтіріп алды
- Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев Жапаровты «елді құртты» деп айыптады
- Астанада үйдің қасбеті құлап, зардап шеккен фельдшер өмірден озды