Жаркенттегі офицер қазасына қатысты төрт күдікті ұсталды
Фото марқұмның жеке мұрағатынан
Бұл туралы Құрлық әскерлері қолбасшысының орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кеше марқұм капитан Дархан Дәулетті ақтық сапарға шығарып салды. Офицер Жетісу өңіріндегі Жаркент гарнизонының 74261 әскери бөлімінде қаза тапты.
14 қарашада Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі «жоспардан тыс оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан қаза тапты» деп хабарлады.
Алайда туыстары офицердің кісі қолынан қаза тапқанына сенімді.
Марқұмды жуған ағасы оның қатты соққыға жығылғанын, қолы мен аяқтарында арқан іздері, бас сүйегінде сызат барын айтты.
«Біз бауырымның ісіне қатысы бар адамдардан заң алдында жауап беруін сұраймыз және талап етеміз. Бүгін жерлеуге жоғары шенді генералдар мен депутаттар қатысты. Олар кешірім сұрады. Генерал бұл істі әділ тексеріп, кінәлілерді жазалауға уәде берді. Бірақ қандай бап бойынша іс қозғалып жатқанын білмейміз», - деп бөлісті марқұмның ағасы.
Жерлеуге қатысқан Қорғаныс министрлігінің өкілдері офицер қайтыс болған күні әскери бөлімде жоспардан тыс оқу-жаттығу өткенін растады, бірақ олар оқиғаның егжей-тегжейін айтудан бас тартты.
«Оқиғаға байланысты әскери бөлімге комиссия жіберілді. Іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға әскери бөлімнің ішінде болған. Төрт күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сол күні жеке жоспар бойынша оқу-жаттығулар өткенін растаймын», - деді Құрлық әскерлері қолбасшысының орынбасары, полковник Арынғали Ақышев.
Марқұм Дәулет Дархан 26 жаста еді. Құрлық әскерлерінің Әскери институтын үздік бітіре салысымен Отар әскери гарнизонына қызметке кірісті. Араға бес жыл салып, Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөлімінің инженерлік қызмет бастығы лауазымына дейін көтерілген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық