Жаркентте мектеп дәретханасын салуға ата-аналардан ақша жиналды
Скриншот
Instagram парақшалардың бірінде Алматы облысы Панфилов ауданында мектеп дәретханасын салуға ата-аналардан ақша жиналып жатқаны туралы хабарлама жарияланды. Жауапты органдар оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода мектеп дәретханасы түсіріліп, қандай нөмірге ақша аудару керектігі жазылған.
«Мынау не деген сұмдық? Мектепке кафельді халыққа ақша жиналып салдыруда. Сонда бұған ақша бөлінбей ме? Бұл қалай? Президентіміздің тапсырмасымен қазір барлық жерлерде мектеп дәретханасы іште орналасу керек. Министр мырза мынау не деген сөз? Тексерулеріңізді сұраймыз!» делінген жазбада.
Алайда, Панфилов ауданы әкімдігінің өкілдері ата-аналар дәретхананы өз бастамаларымен салып жатқанын түсіндірді.
«Мектеп екі корпустан тұрады. Бір корпусында ғана ішкі әжетхана бар. Екінші корпуста әжетхана жоқ. Ата-аналар өз бастамаларымен ішке әжетхана салғызып жатыр. Қаржы жетпей ата-аналар демеуші іздеген. Қазір құрылыс жұмысы 90 пайыз аяқталған. Өздері аяқтайтынын айтты» деп әкімдік өкілдері жауап берді.
Айта кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерге сырттағы дәретханаларға байланысты мәселелерді шешу, бейнебақылау камераларын, дабыл түймелерін және қауіпсіздік жүйелерінің басқа элементтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ескерту жасаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық