Жаппай фотосессия жасаған еврейлер бәрін жоққа шығарып отыр
Фото: Днепрдегі еврей қауымдастығының сайтынан
2 тамызда Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әсел Қалықова еврей қауымдастығының жиналысы Rixos Almaty қонақ үйінде өткізілмегенін мәлімдеді.
Orda.kz редакциясы фотосуреттерді қонақүйдің интерьерімен сәйкестендіріп көрді.
Жақында еврей қауымдастығының өкілдері Алматыда көпшілік жиналыстар мен іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан Rixos қонақ үйінің алдында жиналғанына көпшілік наразылық білдірді.
Жиыннан кейін орталық синагога басшысына карантинді бұзғаны үшін 87 510 теңге айыппұл салынды. Қалықованың айтуынша, діни кездесуді ұйымдастырушы орталық синагога болған.
- Rixos ішінде ешқандай іс-шаралар өткізілмеді, тек қонақ үй ғимаратының фонында суретке түсті. Бұл ұсынылған материалдарға негізделген. Қонақүйдің айтуынша, олар бұл туралы естімеген де, - деді Қалықова 2 тамызда өткен брифингте.
Алайда бұл оқиғаға қатысты фотосуреттер Днепрдегі еврей қауымдастығының сайтында пайда болды. Orda.kz редакциясы суреттерді Booking сайтында орналастырылған Rixos қонақ үйінің фотосуреттерімен салыстырды. Кадрларға қарағанда, кездесу Rixos Almaty қонақ үйінде өткен. Жиынға көп адам қатысса да, ешкім бетперде тақпаған. Өздеріңіз қарап көріңіздер:




Днепрдің еврей қауымдастығы өзінің веб-сайтында 20 ава (28 шілдеде - авторлық ескерту) Алматыда ұлы әділ адам, раввин Леви-Ицчак Шнеерсонның Йорсайтитының құрметіне Хабаршылардың Үлкен Кинусы болғанын хабарлайды. Бұл күні Қазақстанға бүкіл әлемнен 250 Хасидим келген. Барлық раввиндерге екпе салынған. Соған қарамастан, барлығы ПТР сынақты екі рет: кіретін және шығатын кезде тапсырған.
Orda.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Rixos Almaty-ға хабарласты. Операторлар бөлімі оларда қажетті ақпарат жоқ және «фронт офистің директоры жұмыста жоқ» деп жауап берді.
Авторы: Аделаида Ауеспекова
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық