Жапониядағы ХХХІІ Жазғы олимпиада ойындары аяқталды
Әлемнің барлық елінен таңдаулы спортшылардың басын қосқан дүбірлі дода - Жапониядағы жазғы Олимпиада ойындары бүгін мәресіне жетті.
Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан 83-орыннан ғана көріне алды. Бұл Қазақстан спорт тарихындағы ең бір төменгі нәтиже көрсеткен ойын болды.
Шілденің 23-нен бастау алған сайыста АҚШ алда келе жатыр. Ол қазір 38 алтын, 39 күміс және 33 қоламен жалпы есепте бірінші орынға шықты.
38 алтын, 31 күміс, 18 қола медалімен Қытай 2-ші орынға табан тіреді.
Жарыстың қожайыны Жапония болса, 27 алтын, 12 күміс және 17 қола медальмен үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Ал Қазақстан құрамасы осы жолы бірде бір алтын немесе күміс медальға қол жеткізе алмады. Отандық спортшыларымыз 8 қола жүлдені місе тұтты.
Қола жүлдемен елге оралғандар - дзюдошы Елдос Сметов, зіл теміршілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, былғары қолғап шеберлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев және қос каратеші Дархан Исадилов пен Софья Берульцева.
Токио Олимпиадасының жабылу салтанаты бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық