Жапония премьер-министрі сайлауда ұйықтап қалды
Фото: Nikkei
Жапонияның саяси сахнасында күтпеген жағдай болды. Үкімет құрамының қайта сайлануында премьер-министр Сигеру Ишиба дәл жиынның ортасында ұйқыға кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Парламенттің өкілдер палатасының алғашқы отырысында премьер-министрді сайлау басталғанда Ишиба көзін жұмып, бірнеше минут бойы басын төмен иіп отырды. Оның осы жағдайына кабинеттің бас хатшысы мен министрлер біраз абдырап қарап отырды.
Әлеуметтік желілерде бұл оқиға тез таралды. Жапонияның инновациялар партиясының жетекшісі Нобуюки Баба ашық сын айтты.
«Бұл — сайлау, мұндай кезде ұйықтау орынсыз!» — деп, қоғамға ой салды.
Twitter-де таралған видеода премьер-министрдің басы салбырап, терең ұйқыға кеткені анық көрінеді.
Жапония парламентінің төменгі палатасы 11 қараша күні Сигеру Ишибаны қайтадан премьер-министр етіп сайлады. Бірінші турда 221 дауыс жинаған Ишиба өз орнын сақтап қалды. Осыдан кейін үкімет толығымен отставкаға кетіп, жаңа құрамды анықтау үшін қайта жасақтау жұмыстары басталды.
Жаңалықтар
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл