Жапония премьер-министрі Қазақстанға келеді – БАҚ
Фото: Reuters
Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Қазақстанға келіп, Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірлескен саммитке қатысуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Nippon.com дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Фумио Кисида саммитке Орталық Азия елдерінің басшыларымен қатысып, экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылайды. Сапар тамыз айының басында болады.
«Бұл сапар арқылы табиғи газға және басқа да минералды ресурстарға бай аймақтағы экономикалық қауіпсіздікті арттыру үшін, Жапонияның Орталық Азиямен байланысын нығайтуға үмітті. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы ықпалын ескере отырып, бұл сапарды Ресей мен Қытайды тежеу үшін пайдаланбақ» деп жазады басылым.
Жапондық басылымның хабарлауынша, Кисида Қазақстанға сапарынан кейін Моңғолияға барып, оның президенті Ухнаагийн Хурелсухпен кездесуі мүмкін. Тараптар ең алдымен Моңғолиядағы минералды ресурстарды өндіру үрдісін талқылайды деп жоспарлануда.
«Жапониямен экономикалық байланысты нығайту Қазақстан үшін бірқатар өзекті мәселелерді шешуге пайдалы болмақ. Бұған дейін жапондық мамандар алматылық әріптестерімен жер сілкінісіне төзімді ғимараттар салу тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстандағы су тасқынымен күресуде де көмектерін ұсынған болатын» деп түйіндеді басылым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық