Жапаров пен Рахмон мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды
Фото: Қырғызстан президентінің сайты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екі елдің мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Kloop мәліметінше Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы 972 шақырым екені, алайда Баткен облысындағы Тәжікстанға іргелес аумақтардағы шекараның анықталмағандығынан оқтын-оқтын қақтығыстар болатыны атап өтілді. Соңғы ірі қақтығыс 2022 жылдың 14-17 қыркүйегінде болды. Сол кезде екі жақтан жүзден астам адам қаза тапты.
«13 наурызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келіссөздер жүргізіп, қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау туралы келісімге қол қойды», деп жазылған бейсенбі күні таратқан хабарламада.
Кездесу Қырғызстан Президентінің «Ынтымақ Ордо» әкімшілігінде өтті.
«Республика басшылары Қырғыз Республикасы мен Татарстан Республикасы шекара қызметінің басшыларына шекараны ашуға рұқсат берді. Бұдан былай «Қайрағаш» (Лейлек ауданы) және «Қызыл-Бел» (Баткен ауданы) бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысы қайта жанданады. Бақылау бекеттері төрт жылға жуық жабық болды. 21 ақпанда Қырғызстан мен Тәжікстанның үкіметтік делегациялары қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау туралы қорытынды хаттамаға қол қойды. 27 ақпанда Жогорку Кенештің бірнеше комитеті шекаралық келісімдерді мақұлдады, ал министрлер кабинеті төрағасының орынбасары мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамчыбек Ташиев парламентте Қырғызстан мен Тәжікстанның қай облыстар алмасқаны туралы айтты», - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады