Жанжалды «арбаушы» Алекс Лесли Қазақстан жерін баса алмады
Өзін керемет «арбаушы» деп жариялаған Алекс Лесли есімімен танымал ресейлік алаяқ Александр Кириллов Қазақстанға келіп «қыз-келіншектерді» арбаймын деген арманына жете алмай, жалған ақпарат таратып, сайқымазаққа айналып отыр.
Алдымен осы «пикапер» сөзін түсініп алайықшы. Бұл ағылшынның Pick Up Artist (PUA) сөзінен шыққан. Тікелей қазақшаға аударсақ – «арбаушы» (кейде - жолдаушы.ред) деген мағынаны білдіреді.
Pick Up Artist – қазақы жатық тілмен айтсақ – әртіс. Оның ішінде де Алекс Лесли үлгісінде алсақ - сайқымазақ әртіс болса керек...
Ал енді бұл сөздің мағынасын ғаламтордан іздесек: «Пикапер - бұл қыз-келіншектермен қарым-қатынас, арбау, алдау, әйелдерді өзіне тарту және әйелдермен танысу өнерін зерттейтін жігіт немесе еркек» деген түсініктеме аламыз. Яғни, бір сөзбен айтқанда «алаяқ», қыз-келіншектердің көз жасына қалатын сұмырай, өйткені ондай адамдар бұны тек ойын немесе ермек ретінде көреді.
Қош делік, сөйтіп, осы сөзді зерттеуге түрткі болған Алекс Лесли есімімен танымал ресейлік алаяқ Александр Кириллов Instagram желісіндегі парақшасында Алматыға ұшып келе жатқанын, паспорттық бақылаудан өткенін айтты. Бірақ ол жалған болып шықты.
Оның әуежайда жүргені туралы видеолар, сондай-ақ «қазақ қыздарын аңдушының» қалада пәтер жалдағаны туралы ақпараттар толып жатыр. Бұл туралы Orda.kz сайтына ақпарат көздері хабарлады.
Айтпақшы, оны әуежайда 25-30 шақты наразы қазақстандықтар күтіп тұрды. Олардың барлығы осы «азғынды» елге кіргізбеуді сұрап, желілік полиция бөліміне арыз жазған. Қандары бастарына шапқан күтіп алушылар оның келмегеніне көз жеткізген соң естелік суретке түсіп, үйлеріне қайтты.
Еске салайық, Алекс Лесли деген атпен танымал ресейлік «арбаушы» Александр Кириллов әлеуметтік желілерде Қазақстанда өзінің «арбау-алдау» бойынша жаттығуы туралы хабарландыру жариялады. Оның айтуынша, ол өзінің «қазақтар үшін» жорығын жариялауға шешім қабылдаған.
Осыдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі «арбаушы» Алекс Леслидің әрекетін зерттейтінін, ал ҚР Ішкі істер министрлігі ер адамның Қазақстанға кіруіне тыйым салынғанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық