Жанжалдан соң күйеуі жындыханаға апарып тастаған әйел қылмыстық іс қозғады
Коллаж Orda.kz
Түркістан облысында күйеуі заңсыз бас бостандығынан айырып, жындыханаға апарып тастаған әйел қылмыстық істі қайта қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жөнінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлімдеді. Арызданушы әйелге Түркістан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі омбудсмен қол ұшын созыпты. Отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі мен оның екі досы оны байлап, Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына алып барғанын айтты.
Оның айтуынша, күйеуі орталық қызметкерлерімен алдын ала келісіп, оны психикалық ауытқуы бар адам ретінде орналастырған. Әйел осы мекемеде 3 күн болған.
Сонымен қатар, әйел орталықтағы қызметкерлердің заңсыз әрекеттері туралы да хабарлады.
Ол Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазғанын, онда басында қылмыстық іс қозғалғанымен, 2024 жылдың тамызында іс жабылғанын мәлімдеді.
«Омбудсмен өкілі арызданушыға құқығы мен бостандығын қорғау үшін қолдануға болатын тәсілдер мен құралдарды түсіндірді. Қазіргі таңда Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық істі қайта қозғады», деп мәлімдеді ҚР Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық