Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ ректоры болып тағайындалды
Бұрынғы Білім министрі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ректор болып сайланды, деп хабарлайды ORDA.
Бұл туралы кеше кешкісін Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бір сағат бұрын республикалық комиссияның шешімімен Ұлттық университеттердің екі ректоры сайланды. ҚазҰУ ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы. ЕҰУ ректоры Сыдықов Ерлан Бәттәшұлы», - деп жазды ол.
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1980 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Филология ғылымының кандидаты.
2019 жылдың 28 ақпанынан бастап Қазақстан халықтар ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы.
Әлеуметтік желілерде еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры ауысқаны жайлы ақпарат тараған еді.
Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі жердің бірнеше бөлігі жеке меншікке өтіп кеткені жайлы шу шығып, бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Осы айқай-шу бұрынғы ректор Ғалымқайыр Мұтановтың орнын босатуына түрткі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық