Жансая Әбдімәлік кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды
Танымал қазақстандық шахматшы, 23 жастағы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шыққаны белгілі болды.
Суреттерге қарағанда, жас жұбайлар үйлену тойын Дубайда атап өтті. Жансая Әбдімәліктің өмірлік серігі 1 желтоқсаннан бері «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқаратын 34 жастағы Нұрахмет Нұриев.
2022 жылдың желтоқсанында Нұрахмет Нұриев «Қазақмыс» басшысы болып Эдуард Огайды (2006 жылдан бері компанияны басқарды) ауыстырды.
Нұриев 1989 жылы дүниеге келген. Ол Ұлыбританияда білім алған және Англия Рускин университетінде MBA дәрежесін алған.
2011 жылдан 2013 жылға дейін ол Hamble Group компаниясында қаржылық сарапшы болып жұмыс істеді.
2013-2015 жылдар аралығында Павлодар және Атырау қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары «Майкөбен Вест» ЖШС және «Шұбаркөл Премиум» АҚ көмір өндіру кәсіпорындарында қаржы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болды.
2019-2020 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ ӨМГ Тараз филиалы директорының орынбасары, «Қазтрансгаз» АҚ тарифтерді белгілеу және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Ол «Қазақмыс» корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жоба тобының жетекшісі ретінде бастады.
Қыркүйек айынан бастап «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС аутсорсинг директоры қызметін атқарды.
2021 жылдың маусымында «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Нұриевтің анасы Сәуле Сағдиева. Ол «Group Nak 8» ЖШС және «Car City» АҚ компанияларының құрылтайшысы ретінде тіркелген. 2010 жылы БТА Банкінде несиелеу департаментінің директоры болды.
Нұриевтің анасының әпкесі Раушан Сағдиева - «Car City» АҚ құрылтайшылары, сондай-ақ «Меркурий Пропертис» ЖШС (бұл компанияда құрылтайшылар Динара Құлыбаева және Тимур Құлыбаев бақылайтын «Кипрос» ЖШС) болып табылады. Ал «Кипрос» ЖШС-ң басшысы – Раушан Сағдиева.
Әбдімәліктің үлкен қайын атасы – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы қызметін атқарған Мақтай Сағдиев. КСРО ыдырағаннан кейін президент кеңесшісі, парламент мәжілісінің депутаты қызметтерін атқарды. «Казправданың» «Ұлы даланың лайықты перзенті» мақаласында Сағдиев «Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақын серігі» деп аталады.
Жансая Әбдімәлік – қыздар арасында Қазақстандағы тұңғыш әлем чемпионы (2008), әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер (2014) және ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер (2017), халықаралық гроссмейстер (2021).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық