Жансақтау бөлімінде жатқан сарбазды анасына неге көрсетпейді?
Фото: instagram / erbayan2024
№12 орталық қалалық клиникалық аурухана басшылығы жансақтау бөлімінде жатқан Ербаян Мұхтарды анасы Гүлсім Қамиеваға көрсетпей қойды.
Бұл туралы заңгер Инга Иманбай өзінің Facеbook парақшасында хабарлады.
Анасы наразылық білдіріп, баласын көрмек болғанда аурухана қызметкерлері полиция шақыртты.
«Комада жатқан солдат Ербаян Мұхтардың анасын ауруханаға кіргізбей, баласын көрсетпей, емхана басшылығы анасына, ағасына шағымданып, полиция шақырып жатыр. Ұлы өмір мен өлімнің ортасында жатқан, әділдік іздеген анаға сонша қиянат көрсететіндей не болды? Оған ұлын неге көрсетпей жатыр?» деп жазды Инга Иманбай.
Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген Ербаян Мұхтар өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жансақтау бөліміне түсті.
Отбасына Ербаян әжетханада жығылып, басын плиткаға соқты деп хабарлаған. Туыстары бұған келіспейді. Олардың айтуынша, Ербаян түнгі екіде жарақат алған, сол кезде оның жанында кемінде жеті адам болған.
№12 қалалық клиникалық ауруханаға жатқанына он екі күн толғанда Ербаян есін жиып, ата-анасына өзін соққыға жыққанын ым-ишарамен жеткізген. Мұны білген әскерилер жақындарына ескертпестен, оны әскери госпитальға жеткізіп, шұғыл түрде ота жасады. Анасына ота бастың артқы жағындағы іріңді кетіру үшін қажет екенін айтқан. Бірақ Гүлсім Қамиеваның айтуынша, ұлының миының бір бөлігін алып тастаған. Операциядан кейін ол қайтадан комаға түсті. Қазір аурухана басшылығы полиция шақырып, баласын анасына көрсетпей отыр.
Ескерте кететін жайт, 2022 жылдың тамыз айында дәл осы бөлімшеде Алмас Шахимов қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық