Жансай Смағұлов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

cover

Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күні басталды. Бүгін ерлер арасындағы 73 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Бұл туралы Orda.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды

73 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан бастады. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді.

Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша уақытта Жансай «ваззари» ұпайын еншіледі. Смағұловтың келесі қарсыласы - канадалық Артур Маргелидон.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар