Жанқош Тұраровқа қатысты істің айғақтары жоғалды — адвокат
Фото: instagram / Жанқош Тұраров
29 қазанда «қыз зорлады» деген айыппен айыпталған бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әнару Құрманәлі мен Жанқош Тұраров ісі бойынша алты жыл бойы зорлық көрген қыздың әкесі Қалдыбек Құрманәліге хабарласқан едік. Ол денсаулығына байланысты адвокатқа сілтеді.
«Адвокатымызбен байланысқа шығыңыз», — деп жауап берді.
Адвокаттың айтуынша, іс тоқтатылғанын ғаламтордан білген
«20 қазанда істің тоқтағанын кеше сайттан біліп отырмыз. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де – бұл факт. Бастапқыда істі қысқартуға тырысып жатыр ма деген күдік болды, себебі тергеуде еш шара қолданылған жоқ!», — деді адвокат.
Адвокат Ләззат Ахатова Facebook парақшасында істің мән-жайын айтып, заттай дәлелдердің жоғалғаны туралы бөлісті. Арыз жазылғаннан кейін қыздың үйінен Тұраровтың сүртінген сүлгісі, жастық тысы, іш киім сияқты заттар тәркіленген еді.
«Сол заттар жоқ, хаттамасы да жоқ. Биологиялық сараптама жасалуы керек деп өтініш жаздық. Еш әрекет жасалмады. Зорлықшының тері сіңген заттарды жоғалтып жіберген», — деп жазды адвокат.
Істің тоқтағаны туралы қаулы әлі не жәбірленушінің не адвокаттың қолына берілмеген. Адвокат шаағым беру үшін дәл осы құжатта күтіп отырғанын айтты.
«Өңкей күшіне сенгендер, артында үлкен қолдауы барлар заңды белден баса берсе, құқықты мемлекеттің құны қанша?», — деді заңгер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық