Жәнібектің бельгиялық анасы 12 мың долларды кімге бергенін айтты
Фото: Ашық дереккөзден
Жәнібекті асырап алған анасы оқырмандардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Құрметті әке-аналар, аға-әпкелер. Асырап алған анам Валеридің атынан сұрақтарыңыз бен тілектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл сұхбатта өткен оқиғалар туралы егжей-тегжейлі айтылды, сонымен қатар жаңа ақпарат та бар.
Бұл 6 минуттық сұхбатта көптеген сұрақтарыңызға жауап бар деп ойлаймын. Біз бұрын білмеген мәліметтер де шықты. Эмоцияға берілген сәттер де болды. Құрметті достар, бұл бірнеше сауалдың жауабы. Бірақ алдағы уақытта ең маңызды сұрақтың да жауабын табамын деп үміттенемін.
Анашым, сен қайдасың?», - деп жазды ол.
Жәнібекті асырап алған анасының сөзінше, ол Жәнібек туралы Қазақстанға келмей тұрып білген.
«Жәнібек туралы Бельгияда танысқан әйел арқылы білдім. Арқалықтағы балалар үйіне хабарластым. Балалар үйі Жәнібекті ұсынды. Мен Қазақстанға келмей тұрып, электронды пошта арқылы жалғыз Жәнібектің суретін көріп, мәлімет алдым. Арқалыққа келіп, балаларды көргенде Жәнібекті танып тұрсам да, танымағандай болдым, маған солай істесін деп айтты. Бала таңдағандай өтірік істеп тұрдым.
Бельгиядан Алматыға ұшақпен, одан Арқалыққа мені екі ер адам көлікпен алып барды. Шынымды айтсам қорықтым. Сол екі ер адам мені (...) үйіне жеткізді. Ол әйелдің кім екенін кейін айтып беремін. Сол үйде түнедім.
Менде Қазақстандағы балалар үйін таңдайтындай мүмкіндік болған жоқ. Бірақ мен қандай бала асырап алғым келетінін айттым. 2-3 жасқа дейінгі ұл бала деп айттым.
Мен сені асырап алу үшін 12 мың АҚШ долларын төледім. Бала асырап алу үшін ақша төлеу керектігін білдім. Бірақ заңсыз екенін білген жоқпын. Мен Арқалыққа барғанда ол жерде Америкадан келген басқа адамдар да болды. Олар 20 мың АҚШ долларын қолма-қол төлеуге мәжбүр болды», - дейді ол.
Сонымен бірге, ол бала асырап алу үшін кімге қанша ақша төлегенін мәлімдеді. Ол Қазақстаннан бала асырап алу үшін Амеркадан да адамдар келгенін жасырмады.
Жаңалықтар
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады