Жангелдин ауданының атауын өзгерту керек – депутат
Фото: ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының атын өзгерту бастамасын көтерді.
Еуразия арнасының хабарлауынша, депутат қазақты сатқан адамның атына ауданды атау ақылға қонымсыз екенін айтты. Ол бұл ауданның атауын Ахмет Байтұрсынұлының атына өзгертуге ұсыныс жасады.
«Алаш көсемдері Ахмет пен Міржақыптың туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін сатып кеткен Николай Степнов болған Әліби Жангелдиннің атында болуы елге де, ерге де, және де ең алдымен әруаққа қиянат» деді Қазыбек Иса.
Айта кетсек, 1950 жылы Қостанай облысындағы Торғай ауданы Жангелдин атауын алған. Орталығы – Торғай ауылы. 2019 жылғы санақ бойынша мұнда 12 251 адам тұрады.
Депутаттың айтуынша, жергілікті халық бұған дейін осындай ұсыныспен президентке хат жазған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық