Жаңатаста акционерлер бас көтерді
Жамбыл облысы, Жаңатас қаласына «L-Capital» АҚ акционерлері мен инвесторлары жиналып наразылықтарын жеткізді.
Orda.kz тілшісі оқиға ортасында болып, қазақстандық компания ретінде «Асыл тұз» зауытының акциясын сатып алмақшы болып кезінде қаржы салған қауымның пікірін тыңдап, жазып алды.
Жүзден астам жиналған халық Тараз, Шымкент, Алматы қалаларынан осы жиынға арнайы келіпті. Олардың жиналған басты себебі - кезінде өздері акционер боламыз деп қаржы жинаған «Асыл тұз» зауыты сот шешімі бойынша сатылымға шығарылуы мүмкін.

Олар «L-Capital» АҚ ешқандай қаржылық пирамида емес, Жаңатас қаласындағы «Асыл тұз» зауытын тұрғызған акционерлер тобы деген мәлімдеме жасады.
— Биыл үшінші жылға кетті біздің «L-Capital» АҚ тергелуде, кейбіреулер компанияны «қаржылық пирамида» деп жала жауып отыр. Осы тұрғыдан Бас прокуратураға айтар шағымдарымыз бар. Біз бұндай айыппен келіспейміз, бұған қарсымыз, біз ешқандай «қаржылық пирамида» емеспіз. Заңды түрде акция сатып алғанбыз, акцияларымыз заңды тіркелген. Компанияда 4138 жеке тұлға бар, бәріміз - акция иесіміз, 10 заңды тұлға – акионерлеріміз де бар, - дейді жиналғандар.
Өздерін акционерлерміз деп атаған топ 2021 жылы арыз жазғандарын айтады. Салдарынан 2 жыл бойы тергеу жүргізіліп, ол аяқталған. Олардың айтуынша енді «Айыптау актісі» беріліп, осында жиналған заңды акционерлердің бәріне тиесілі зауыт та сол «Айыптау актісіне» кіріп кеткен.

Нәтижесінде заңға сәйкес, бұндай жағдайда зауыт тәркіленуі мүмкін. Сондықтан зауыт акционерлері жиналып, зауыттың тәркілеуіне қарсы шығып отыр.
— Біз бұл жерде қарапайым халық, қазақстандықтармыз. Бір апта бұрын біз Бас прокуратураға барғанбыз. Ол кісі қарастырып, істі қайта ашып, тергеуді жалғастырған. Бірақ жаңағы тергеушілер, атап айтқанда Сарсекеев деген тергеу тобының жетекшісі біздің құқықтарымызды бұзып отыр. Бізді естімей, мүлкімізді басқа - үшінші тұлғаға бермекші. Бұған осында жиналғандардың барлығы қарсымыз, - деп өз ойын жеткізді топ белсендісі Ләйла Қадырова.
Жиналғандар өз үндеулерін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа, Бас прокуор Б.Асыловқа жолдады.
Orda.kz редакциясы өз тарапынан даудың соңына нүкте қоятын, істің ақ-қарасын ақтарып, заңды шешім қабылдайтын құзырлы орындар бар екенін еске салады.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық