Жаңаөзенге жұмысшылар ереуілінен кейін келген арнайы топ «Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшыларымен кездесті
Жиын барысында «Өзенмұнайгаз» компаниясының бас директоры Нұрдәулет Қилыбай жұмыс тобы өрескел заңбұзушылықтарды анықтайтын болса, кәсіпорында кадрлық өзгерістер жүргізілетінін атап өтті.
Жұмыс тобы мүшелері химияландыру және экология бөлімінде, сондай-ақ мұнай айдау бөлімінде болды. Қызметкерлер кадр мәселесі мен техникалық қондырғыларды жаңарту қажеттілігі туралы айтты.
«ҚазМұнайГаз» өкілдері жұмыс жағдайын жақсарту және «Өзенмұнайгаз» АҚ инфрақұрылымын жаңарту үшін қажетті өзгерістер енгізуге дайын екендіктерін атап өтті.
Жұмыс тобының жетекшісі, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов Жаңаөзен қаласында орналасқан «БерӘлі Маңғыстау» компаниясының бұрынғы жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпорын бұрынғы жұмысшыларына жалақысын, әлеуметтік пакетін сақтай отырып, әрі қарай ұзақ мерзімді еңбек шартын жасасу арқылы жұмысқа орналастыруды ұсынды.
«Өзенмұнайгаздың» қызметін тексеру бірнеше аптаға созылады. Сондай-ақ жұмыс тобы 67 мұнай өндіруші және мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсету ұйымдарының ұжымдарымен кездесуі жоспарланған.
Сәуірдің 21-і күні «Өзенмұнайгаз» бен мердігерлер 248 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық