Жаңаөзенде тағы да жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
«ҚазМұнайГаздың» жұмыс тобы жергілікті 30 кәсіпкермен кездесу өткізді.
Шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Д.Хасанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Н.Қилыбай, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзендегі директоры А.Шарапатдинов, жергілікті атқарушы орган өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатысты.
Талқыланған өзекті мәселе Жаңаөзендегі бірқатар тауарлар мен қызметтерді өндіруді оқшаулау болды.
Жиын барысында «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының сатып алу қызметінде болашақта отандық тауар өндірушілердің жеткізу мүмкіндігіне жол ашатын орындар бар екені белгілі болды.
Мұндай шара өңірдегі жұмыспен қамту мәселесін шешуге, жергілікті қамтуды дамытуға септігін тигізеді, дейді мамандар.
Қазірдің өзінде арматура өндеу, шыны талшықты құбырларды жөндеу, гидравликалық қысқышты жалға алу және металл сынықтарын радиациядан тазарту сияқты қызметтерді оқшаулау жобалары қолға алынуда.
Айтпақшы, кездесуге қатысушылар ағымдағы қажеттіліктерді анықтайтын және тиісті ұсыныстарды қарастыратын арнайы шағын топ құруды ұйғарды.
Бұл мәселе бойынша келесі отырыс 10 маусымға жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласының «Өзенмұнайгаз» және мердігер ұйымдарында заң бұзушылықтар анықталғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық