Жаңалықтар ми мен сананы өлтіреді - Арфуш қазіргі ақпараттық шу туралы
Орда порталының бас редакторы мен Астана халықаралық форумының спикері интернеттің қоғамға қалай әсер ететінін, фейктер деген не, соғыстың қалай басталатынын және Қазақстанда не болып жатқанын талқылады.
Халықаралық телеменеджер, продюсер және қоғам қайраткері Валид Арфуш енді тоқтату қолдан келмейтін, бірақ түзетуге болатын ғаламтор кеңістігінің танымалдылығы туралы өз ойымен және ұстанымымен Orda.kz сайтымен бөлісті.
«Адамдар мен қалаларды жоқ қылатын зымырандар, сондай-ақ ми мен сананы өлтіретін жаңалықтар келіп жатыр», – дейді Арфуш интернет пен онда қаптап кеткен фейктер туралы.
Оның айтуынша, бұл өз деңгейінде жүргізіліп жатыр және шындықты өзгерту үшін миллиардтаған қаржы қажет. Оның үстіне Қазақстан да ерекше емес, әсіресе әрбір адам бірінші болу керек жағдайына орай айтсақ. Тезірек ақпарат беруге ұмтылған көптеген БАҚ оны тексермей, шала-шарпы бере береді. Бұл айтарлықтай мәселе деп есептейді спикер. Ал бізде де, бүкіл әлем сияқты, өз ұстанымдарын білдіретін әлеуметтік желілерде белсенді қолданушылар бар. Ештеңе айтқысы келмей, естігісі де, қарағысы да келмейтіндер де бар. Спикер бұның бәрі келер ұрпаққа байланысты деп есептейді.

«Қазақстанда екі көңіл-күй бар: өздерін TikTok және әлеуметтік желілерде ашық ұстайтын жастар санаты бар, оған керісінше - мүмкіндігінше ештеңе көргісі келмейтін, ештеңе естігі келмейтіндер де бар», - дейді Арфуш бұл мәселе жөнінде.
Дегенмен, ол жалпы Қазақстанда интернет кеңістігінде де, шынайы өмірде де проблемалық сәттер көп деп есептейді.
«Мен Астанадағы бөлмемнен қарап отырып, азаматтарды қорғауға әскери әлеует жоқ екенін түсіндім. Шабуыл бола қалған күнде, әуе шабуылы болса, мысалы, Астанаға, ол өте қорқынышты болады, өйткені мұндайдың бетін тойтаратын артиллерия жоқ. Қазақстан үшін бұл күрделі мәселе», - деді спикер.

Интернетке және жиі пайда болатын фейктерге келетін болсақ, Арфуш мұны болдырмау мүмкін емес, бірақ онымен күресуге болады деп санайды. Ал мемлекеттің міндеті – осыны қадағалап, дер кезінде жауап беру, бірақ бұны сөз бостандығымен шатастырмау қажет. Спикердің айтуынша, бұл турасында Қазақстанда үлкен проблемалар бар.
«Фейктер мен жалған ақпарат көбейе береді. Жаңа технологиялардың көмегімен сіз тіпті айтпаған сөздерді deepfake арқылы енгізуге болады. Бұл қауіпті, өйткені оны тоқтататын құралдар жоқ. Бірақ таралуды болдырмайтын жылдамдық болуы керек... Интернетте көргеніміздің бәрін қабылдау қиын болады. Ақпарат көп. Күнделікті оқыған, көретін нәрселердің тізімін анықтап алған денсаулыққа да, адамның өзіне де тиімді деп ойлаймын. Әйтпесе, бұл белгілі бір дәрежеде психологияның бұзылуына әкеледі», - дейді Арфуш.
Айтпақшы, әлеуметтік желілерді басқаруға тырысатын билік басындағыларды Арфуш «ашулы» деп санайды. Ол визиткаларында лауазымның орнына: «мен күнде қобалжыймын» деп жазу керек екенін айтады. Ол басшылар қобалжымай, шындыққа үңіліп, оны шынайы құнымен қабылдау керек екеніне сенімді.
«Бүгінгі күні бұл тегін интернет цунамиін тоқтату мүмкін емес, сіз байқап көріңіз, бірақ ол нәтиже бермейді. Бәлкім, Солтүстік Корея ғана табысқа жетер, өйткені ол жақта интернет іс жүзінде мүлдем жоқ», - деп түсіндірді Арфуш күліп.
Арфуштың Orda.kz порталын Қазақстандағы шынайы ақпараттың негізгі көздерінің бірі деп санайтыны қуантады. Ол күніне кем дегенде бір рет сайттың жаңалықтарын оқитынын және үнемі таңғалатынын мойындады.

«Сіз барған сайын таң қалдыра түсудесіз. Өйткені сіздің БАҚ толығымен тәуелсіз. Бұл Қазақстан үшін жақсы плюс. Сіздің сайт, айталық, бұл тұрғыдан қарағанда - жалғыз. Бұл Қазақстан үшін тиімді, бұл Қазақстанда емін-еркін жұмыс істеуге болатынын білдіреді», - деп түйіндеді Арфуш.
Фейктер мен әлеуметтік желілер туралы әңгіме мезгіл-мезгіл Украина, шенеуніктер, Каховка ГЭС-інің жарылуы және оны кім жарып жібергені туралы жекелеген тақырыптармен үзіліп отырды.
Гүлнәр Бажкенова мен Валид Арфуш арасындағы әңгіменің толық нұсқасын мына жерден көруге болады:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық