Жаңа мектептердегі оқыту тілі халықтың сұранысына байланысты – Досаев
Наурызбай ауданындағы 7500 орынның тапшылығы қазақ мектебіне деген сұраныстан туындап отыр, деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
— Біз аралас мектептер ашамыз. Наурызбай ауданында іске қосылған жаңа мектептердің басым бөлігі қазақ тілінде оқытатындар. Себебі, 2022 жылдың басында бұл ауданда тапшылық байқалған 7,5 мың мектеп орнының, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын орындарға өтініштер көп түскен. Сондықтан олардың сұранысы ескерілді, - деп жауап берді Досаев жұма күнгі жиында қаланың Наурызбай ауданының тұрғындарына.
Оның айтуынша, салынып жатқан жаңа мектептер, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аудандық білім бөлімдерінде қаралып жатқан өтініштер бойынша ашылады.
— Біздің ауқымды жоспарларымыз бар – 2025 жылдың соңына дейін мектептердің 30%-ы бір ауысымда болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Бізде мұндай мүмкіндіктер бар, - деді Досаев.
Өз кезегінде Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева өңірде қазақ мектептеріне қажеттілік зор екенін қосты.
— Соңғы ашылған мектеп 1200 орынға есептелген № 207 мектеп болды. Қазақ сыныбына 2400 бала келсе, орыс сыныбына 100 баладан аспады. Осыған орай біз орыс тілінде оқытатын осы ауданның тұрғындарына арналған № 157 мектепке балаларды жеткізуді ұйымдастырдық. Ашылған сегіз мектептің екеуі аралас, - деді Жылқыбаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық