Жандарбек Бекшин зейнетке шықты
Фото: Instagram / dsek.almaty
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин зейнетке шықты, деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі.
«Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы мен аудандық басқарма басшылары Жандарбек Мұхтарұлы Бекшинді зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтап, лайықты демалысқа шығарып салды» делінген хабарламада.
Бекшинді қала әкімінің атынан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады. Алматы билігі Жандарбек Бекшиннің Covid-19-ға қарсы күрестегі еңбегін жоғары бағалап, оның тәжірибесі мол жоғары білікті және беделді мамандардың бірі екенін атап өтті.
Әкімнің орынбасары Жандарбек Бекшинге шапан мен Алматы көрінісі бейнеленген естелік суретті сыйға тартты.
Айта кетсек, Алматының бас санитарлық дәрігері қызметінен 2022 жылдың басында кететіні 24 желтоқсанда белгілі болды. Ол 5 қаңтарға дейін демалыста болатынын да айтты.
Жандарбек Бекшин 2020 жылдың сәуірінде Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық