Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты үндеу жасады
Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына үндеу жасады. Видеоны Facebook парақшасында жариялаған.
– Биылғы жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакциналаудың толық курсынан кейін, яғни 42-45 күннен кейін COVID-19 ауруына мониторинг жүргізді, - деді Жандарбек Бекшин
Оның айтуынша, қалада коронавирус инфекциясының 3239 жағдайы тіркелген, бұл жалпы екпенің толық курсын алған 980 мыңнан астам азаматтың 0,33 пайызын құрайды.
– Алматыда вакциналаудың толық курсын алғаннан кейін үлес салмағы бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық жағдайы келесідей: Sputnik V – 0,37%, Hayat-Vax – 0,26%, Sinovac – 0,19%, QazCovid-in (QazVac) ) - 0,17%, - деді Жандарбек Бекшин
Алматы қаласының санитарлық дәрігері отандық вакцинаны алғаннан кейін инфекциялық аурухана қызметкерлері лайықты қорғаныс ретінде қайта екпе салдыру үшін QazCovid-in-ді таңдағанын атап өтті.
– Сондай-ақ, QazCovid-in вакцинасын салдырғандар арасында вирус жұқтыру басқа екпелерге қарағанда әлдеқайда аз байқалатыны атап өтілді. Бұл еліміздегі індетпен күресте жақсы көрсеткіш, - деді ол.
Бекшин QazVas әзірлеушілеріне алғысын білдіріп, алматылықтарға үндеу жасады.
– Алматы тұрғындарын шектеу шараларын сақтауға және белсенді түрде екпе алуға шақырамыз. Тек ұжымдық иммунитет вирустың таралуын тоқтатып, эпидемияны тоқтата алады, - деді Жандарбек Бекшин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық