Жанболат Саймагамбетов: Ереуілде жүрген жұмысшыларға айлық төленбейді
Бейнажазбадағы кадрдан үзінді
«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағамбетов ереуілге шыққандарға видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Жанболат Саймағамбетовтың айтуынша, бұрғылау басқармасының жұмысты тоқтатқанына 14 күн болған.
Мен, Саймағамбетов Жанболат «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры бүгін бұрғылау жұмысшыларының талап қойып, жұмысты тоқтатқанына 14 күн болғанын мәлімдеймін. Біріншіден, бұрғылау басқармасы жұмысшылары қойған талаптар заңсыз және «Өзенмұнайгаз» АҚ деңгейінде қаралатын болғандықтан, «ҚазМұнайГаз» басшылары келмейді. Екіншіден алдарыңызға шығып, әріптестерім бар мен бар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Ол «ай жабу», «табель тапсыру» сынды жұмыстарды тапсыратынын мәлімдеп, өз шешімін айтты.
12 қарашадан бастап ереуіл басталған күні бұрғылау басқармасы жұмысшыларына еріп, басқа да мекемелердің жұмысшылары қолдау жасап, 12-нен бастап 15-не дейін толық күндерін қойып беремін. Өйткені әріптестеріміз бұны түсініп, жұмыстарын қайта бастап кетті. Осы сәтті пайдалана отырып рақмет айтамын.
Ал 15 қарашадан кейін де ереуілде жүріп, бірақ сонда да жұмысқа қайта оралғандарға 50% ақы төлеуге дайын екенін жеткізді.
Ал 25-нен кейін, яғни ай жабылса да ереуілде жүрген жұмысшыларға айлық төленбейді.
Сөз соңында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры барлық жұмысшыларды тәртіппен жұмыс істеуге, жұмысын жалғастыруға шақырды. Айта кетейік Жаңаөзенде мұнайшылардың көтеріліске шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық