Жанболат Мамай жансақтау бөліміне түсті
Белсенді Инга Иманбай күйеуі Жанболат Мамайдың денсаулығы күрт нашарлағанын хабарлады.
Оппозициялық белсендінің жұбайы Инга ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жансақтау бөліміне ауыстырылғанын айтты.
«Оның денесіне қызыл бөртпе қаптап кетті, ештеңе көмектеспейді», - деп Инга Иманбай Денсаулық сақтау министрлігі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгінді.
Артынша Инга Иманбай Orda.kz тілшісіне Жанболат Мамайға ауыр А гепатиті диагнозы қойылғанын айтты.
А гепатиті – вирустан туындаған бауырдың жұқпалы ауруы.
«16 мамырда Жанболат ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта А гепатиті бойынша тағайындалған хаттама бойынша ем қабылдап жатыр. 16 мамырдан бастап дәрі-дәрмек, сонымен қатар тамырдан тамшылатып ем жіберуде. Бүгінде оның бүкіл денесінде бөртпе пайда болды, аллергияның неден екені белгісіз», - деді Иманбай.
Оппозиция белсендісінің әйелі дәрігерлер әлі күнге дейін аллергиялық реакцияның себебін анықтай алмай отыр деп түсіндірді.
«Қазір бөртпе, яғни аллергия дененің жоғарғы бөліктеріне, мойынға жетті. Дәрігерлер түсіндіргендей, кез келген сәтте тұншығу басталуы мүмкін. Сондықтан олар Жанболатты бақылауда болсын деп жансақтау бөліміне жатқызды. Әзірге жағдай өзгерген жоқ. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бөртпе сейілген жоқ», – дейді Инга Иманбай.
Дәрігерлердің айтуынша, аллергия А гепатиті кезінде бауырдың барлық нәрсеге дерлік күрт реакция беруінің нәтижесі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық