Жанболат Мамай елдегі оппозиция өкілдерінің бірігетінін хабарлады
Фото: Мадина Алимханова
Сейсенбі күні тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай біріккен оппозиция құрылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ел патриоттарын одаққа қосылуға шақырды. Бұл мәлімдеме Демократиялық партия жетекшісінің Facebook парақшасында жарияланған.
Мамай қаңтар оқиғасы кезінде оппозицияда билікке талап қоятын өкілді орган болмағанын мәлімдеді. Айтуынша, біртұтас орталық құру қажеттігі көптен бері көтеріліп келеді.
– Қаңтар қырғыны тұсында жүздеген адам ешбір тергеу мен сотсыз атылды, түрмеге қамалды және адам айтқысыз азаптауға ұшырады. Өкінішке қарай, дәл сол кезде наразылықты басқара алатын халықтың өкілетті органы және режим оппоненттерін біріктіре алатын ұйым болған жоқ. Нақты талаптарды қоятын және халықты ерте алатын үйлестіру орталығы немесе оппозициялық күштердің біріккен кеңесі болмады. Оппозициялық күштер бас біріктіруі тиіс дегенді халық көптен айтып жүр. Демократиялық күштердің біріккен орталығының қажеттілігі де сөзсіз. Қаңтардың басынан біз, Қазақстан демократиялық оппозициясының өкілдері, өзара келіссөздер жүргізіп, біраз ақылдастық. Көп мәселені талқыладық. Қоғамды жік-жікке бөлу үшін билік осы аралықта өздерін «оппозиция» қатарына жатқызғысы келетін түрлі сайқымазақтарды шығарып, бірнеше ұйым құрып үлгерді. Енді біз бас біріктіріп, белсенді әрекетке көшпесек, бұл ұлттық мүддеге қарсы әрекет бола ма деп қауіптенеміз. Сондықтан, біз, Қазақстанның демократиялық оппозициясының өкілдері, бірігудің басталғанын мәлімдейміз. Бұдан былай біз бір тудың астына жиналып, «Біріккен қазақ оппозициясының» атынан әрекет етеміз, - деп жазды ол.
Мамайдың айтуынша, біріккен оппозицияда көшбасшы болмайды, қосылғандар әрқайсысы өз қозғалысы аясында әрекет етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық