Жанболат Мамай бастаған белсенділер митингке шықты
2021 жылдың 6 шілде күні Алматы қаласы Абай және Байтұрсын көшелерінің қиылысында «Демократиялық партия» бастамашыл тобы митинг өткізді.
Orda.kz тілшілері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы аумағындағы митингтен хабар таратты.
Сағат 12-де деп белгіленген митинг айтылған уақытында бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай келгеннен кейін басталды.

Мамай келген уақытта жол жиегіне арнайы жасақ пен полиция қызметкерлері сап түзеп 50-ге тарта белсенділер тұрған орынды қоршауға ала бастады. Топ жетекшісі сөзді бастап, «қымбатшылық пен Қытай экспанциясына» қарсылық білдіріп, экс-президент Назарбаевтың құрметіне қойылған ескерткіштің «заңсыз» екенін алға тартты.
– Назарбаев тақтан түбегейлі кетсін. Ол ескерткіш қоюға лайық адам емес, мына қылықтарымен ол Лениннен де асып кетті. Назарбаевты тарих қоқысына тастайтын уақыт келді, - деді Мамай.
Сондай-ақ, Жанболат Мамай Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бұғыты ауылында дрон көмегімен қытайлық вольфрам шығаратын зауыттың қалай салынып жатқанын түсіргендерін айтты.
– Бірнеше ай бұрын, осы зауыттың құрылысы басталған кезде барлық жерде Қытай жалаулары болды, яғни бұл жерді ҚХР провинциясы ретінде көрсетті. Жергілікті тұрғындардың ашу-ызасынан кейін жабдықтар мен жалаушалар алынып тасталды. Бірақ іс жүзінде бұл қытайлық зауыт және бұл жер енді Қазақстанға тиесілі емес. Демек, болашақта Қытай өзінің стратегиялық маңызды нысанын қорғауды сылтауратып, өз әскерлерін осында әкелуі мүмкін, - деді Мамай.
Белсенділер сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының атауын «Алашорда» деп атауды ұсынып, плакат алып шықты.

Әкімдік өкілін сөйлетпеген белсенділер Жанболат Мамайдың сөзінен кейін «Назарбаев, кет!» деп ұрандатып шеру жасамақ болды, бірақ жолдың қарсы бетіне өткен оларды арнайы жасақ өткізбей, қоршап алды.
Сәтпаев-Құрманғазы, Манас-Масанчи көшелерінің арасы толығымен жабылды. Митинг болған орында интернет мүлдем жұмыс істемеді.
Ортада қалған наразы топ кезек-кезек сөйлеп, талаптарын айтты. Арасында арнайы жасақтың қоршауын бұзып шығып, шеру жасамақ болды, бірақ құзырлы орган қызметкерлері оларды шығармады. Салдарынан арнайы жасақ пен митингшілер арасында кішігірім қақтығыстар орын алды.
56 қытай зауыты Қазақстан аумағында салынған. Ол Қазақстанды жаулау деген сөз. Қазақстанды демографиялық тұрғыда жаулау. Экономикалық тұрғыда жаулау. Түптің түбінде саяси тәуелсіздіктен айыру деген сөз.
Жанболат Мамай

Сондай-ақ, алаңда Абзал Достияров та Назарбаев билігіне қарсылық танытып, сөз сөйледі.
– Нағыз қылмыскерлер бостандықта жүр. Оған Назарбаевтың жемқор билігі кінәлі! Қазақстанда білім беру саласы ақсап жатыр. Оған да Назарбаевтың жемқорлығы кінәлі! Жемқорлық – экономиканың жегі құрты. Жемқорлық – зұлымдықтың өзегі. Назарбаев осы жемқорлыққа Қазақстанды белшенесінен батырды. Одан басқа түк те істеген жоқ! Назарбаев отбасымен кетсін! Биліктен кету керек! 2 жылда қолынан түк те келмеген Қасым-Жомарт Тоқаев та кетсін. Екеуі де қаусаған шалдар. Ешқандай тың ойы жоқ. Ешқандай пікірі жоқ. Ешқандай мінезі жоқ шалдар биліктен кетуі керек, - деді белсенді Достияров.
Белсенділер мен тәртіп сақшылары арасында қайтадан жанжал басталды. Қақтығыс кезінде Мамайдың одақтасы Ырысбек Тоқтасын құлап, тізесін жарақаттап алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Сағат 15:30. Кеттлинг басталғалы 3 сағат өтті. Кейбір белсенділер шаршап, тас жол үстіне жайғасты. Басқалары мегафонмен ұрандатуды жалғастырып жатыр. Мамай жарақат алды - оны тепкілеген сияқты.

Автобустар мен автозактар өтіп бара жатқан адамдар не болып жатқанын көрмеуі үшін жол бойына қоршала қойылды.



Кешкі сағат 18:00 шамасында митингшілер қоршаудан шығып, шеру жасауға тырысты, бірақ ол әрекеттеріне арнайы жасақ жол бермеді.
Қақтығыс кезінде Абзал Достияров және екі-үш белсенді жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Мамайдың айтуынша, Дәурен Достияров соққының астында қалған, артынан оны полиция өкілдері ұстап алып кеткен. Сонымен қатар Ырысбек Тоқтасын мен Уәлихан Сәрсеновтың ұсталғаны айтылды.
Журналистер алаңнан кеткен уақытта Демократиялық партия бастамашыл тобының белсенділері арнайы жасақ қоршауында қалды. Белсенділер жасақ босатқан сәтте Бостандық ауданының ІІБ барып, ұсталғандарды алып шығатындарын айтты.
Авторлар: Бек Байтас, Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық