Жанболат Мамай ауруханадан шықты

cover

Тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай ауруханадан шықты.

Бұл туралы белсендінің жары әрі журналист Инга Иманбай хабарлады.

«Жанболаттың денсаулығы жақсарып, оны ауруханадан үйге шығарды. Бірақ, денедегі бөрткен әлі де толық кеткен жоқ. Мұның шыққанына міне 10 күнге жақындады, сонда да денеден толық кетпей жатыр. Ол неден пайда болғаны анықталған жоқ. Түрме, үйқамақ, сот – осының бәрі денсаулыққа кері әсерін тигізгені сөзсіз» деп жазды ол.

Сонымен қатар, Жанболат Мамайға қатысты бүгін өту керек болған аппеляциялық сот 6 маусым, сағат 17:00-ге ауыстырылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар