Жанболат Мамайға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайға қатысты істің мәртебесі өзгерді, серіктестері аталған айыппен келіспейді.
Алматыда Жанболат Мамай 15 күннен бері қамауда отырған полиция департаментінің алдында әйелі мен серіктестері наразылық акциясын өткізді.
Бұған дейін хабарланғандай, тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай ақпанның 13-і күні Болат Әбілов ұйымдастырған рұқсат етілмеген қанды қаңтар құрбандарын еске алу митингісіне қатысқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған болатын. Ол осы уақытқа дейін уақытша ұстау изоляторынан босатылуы керек еді.

Бостандыққа шығудан бір-екі сағат бұрын Жанболат Мамайдың әйелі күйеуінің «қорғау құқығы бар куәгер» мәртебесінен «күдікті» мәртебесіне ауыстырылғанын және қамауға алу тағы 48 сағатқа ұзартылғанын хабарлады.
— Біз олардың оны ұстаудағы өз жоспарлары бар екенін бірден түсіндік, өйткені оның Алматы қалалық ІІД-де қылмыстық қудаланғандар қамалатын уақытша ұстау изоляторында отырғаны дұрыс емес. Адвокатқа сағат 19.00-ге дейін оны босату немесе 48 сағатқа қамауда ұстау туралы шешім қабылдап, содан кейін сот отырысы өтетіні айтылды, - деді Орда.kz тілшісіне Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай.
Екі қылмыстық іс бойынша: «Жаппай тәртіпсіздіктер туралы» 272-бап және «Жалған ақпарат тарату туралы» 274-бап бойынша «күдікті» мәртебесі өзгертілді. «Әділ сөз» қорының құрылтайшылары екінші бап белсенділер мен құқық қорғаушылардың көптен бері ренішін тудыратынын, оның негізінде билікке қарсы кез келген әрекетке қол қоюға болатын түсініксіз тұжырым бар екендігін айтады.
Сағат 18.00-ге таман жақтастары, оппозиция жетекшісінің әйелі мен анасы полиция департаменті ғимаратының алдына жиналып, оны қамаудан босатуды талап етіп акция ұйымдастырды.
«Бұл митинг емес, біз мұнда заңсыз ештеңе талап етіп отырған жоқпыз. Бұл полиция режиміне наразылық» деді Демократиялық партия қозғалысын жақтаушылардың бірі. Ол мұны полиция қолдаушыларды рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды деп айыптап, тарауға шақыра бастағанда мәлімдеді.
40-50 адамнан құралған қолдаушылар «Жанболат террорист емес!», «Жанболат Мамайға бостандық!» деген ұрандар көтерді. Сонымен қатар олар басшысы босатылғанға дейін Алматы полиция департаментінің аумағынан кетуден бас тартты.
Көп ұзамай Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Рустам Әбдірахманов наразылық білдірушілердің алдына шықты. Ол Жанболат Мамайдың тағы 48 сағатқа қамауға алынғанын айтып, санкцияланған сот 14 наурызда өтетінін, оның шешімімен ұсталған адам қамаудан босатылатынын немесе тергеу аяқталғанша екі айға бас бостандығынан айрылатынын мәлімдеді.

Оппозиция жетекшісі жақтастарының бұл шешімге көңілі толмады. Олар Мамай бостандыққа шыққанша Алматы ПД-нен кетуден бас тартты. Сағат 20-ға таяп қалғанда Мамайдың адвокаты келді.
— Әкімшілік құқық бұзушылық үшін 15 тәулік өтеген адамды тағы 48 сағатқа қамауға алу заңсыз. Оның қамауға алынуы құқық қорғау органдарының Тоқаев саясатын одан әрі қаралау әрекеті. Олар Жанболатты ірі саяси оппозиция қайраткері болғандықтан таңдады. Мұның бәрі Украинадағы оқиғаларға және Путинге қатысты, - деді Жанболаттың адвокаты Ерлан Қалиев.

Ал, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Рустам Әбдірахманов полицейлер әрекетінен заңға қайшы ештеңе көрмейтінін айтты.
— Өткен жылдың қараша айынан бері Жанболат Мамайға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Егер сот олар бойынша іс жүргізу туралы шешім қабылдаса, онда ол екі айға қамауға алынады және түпкілікті шешім қабылданғанға дейін осылай жалғасады. Бұл тағы екі, төрт, алты айға созылуы мүмкін, - деді Рустам Әбдірахманов Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Сәлден соң Жанболат Мамайдың адвокаты оның жұбайы Инга Иманбаймен кездесуіне келісім алды. Сағат 20:00 шамасында ол Алматы қалалық полиция департаментінің ғимаратынан шығып, күйеуіне қатысты үкім күшінде қалғанын: ол тағы 48 сағатқа қамауға алынғанын, санкцияланған сот 14 наурызда өтетінін жеткіздіі.
— Дені сау, денесінде көгерген және ұрып-соғу іздері жоқ, ақсамайды. Бірақ дүйсенбі күні оны тағы екі айға қамауға алу туралы шешім қабылданса, ешқайсымыз үйде отырмай, күні бойы осы ғимараттың жанында тұратынымызды бәріңіздің түсінгеніңізді қалаймын! – деп мәлімдеді Инга Иманбай.
Осыдан кейін, кешкі сағат 21:00-ге таяп қалғанда жақтастар ПД ғимаратының алдынан кете бастады. Олар «Жанболат террорист емес!» дегенді ұрандатып, тарап кетті. Наразылық акциясы аяқталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық