Жаназада бір бума ақша шашу дәстүрде бар ма?
Коллжа Orda.kz
Әлеуметтік желіде жаназада мәйітті үйден шығарып жатқанда бір бума ақша шашқан бейнежазба тарап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
TikToK-та тарап кеткен бұл бейнежазбаны марқұмның жақындарының бірі жариялаған. Ол 1,7 миллион қаралым жинаған. Желіде желдей есіп кеткен соң, парақша иесі неге олай жасағандарын көпшілікке түсіндіруге тырысты. Себебі көпшілік бұл бейнежазбаны көргенде, надандыққа балап, оны дәстүрге де, шариғатқа да қайшы екенін жарыса жазды.
«Сіздер дұрыс түсінбедіңіздер, әжеміз 103 жасқа келіп бақилық болды. Бір ғасыр жасаған адамды осылай шығарып салады. Әжеміздің өзінің өсиеті болған. «Артымнан ақша шашып шығарып салыңдар» деген. Дүниесіз келеміз, дүниесіз кетеміз деген мағынада»,– дейді бейнежзба авторы.
Stan.kz-ке пікірін айтқан Ақмешіт Сырдария мешітінің наиб имамы Жақсыбек Әбиұлының айтуынша жалпы шашу деген нәрсе тойға тән, ал жаназада ондай нәрсе жасау оғаш қылық.
«Қай жасқа келген жақынымыздан айырылысақ та, бұл біз үшін ешқашан той болмақ емес. Шашу деген нәрсе – тойға тән дүние. Яғни, келін келгенде шашу шашады, қуанышта шашу шашады. Адам қаза болғанда шашу шашу дініміз де, дәстүрімізде де жалпы сау адамның ақылы оны қабылдамайтын дүние»,– деді наиб имам.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық