Жанармай бекетінде пышақтаған: Байкерге шабуыл жасаған ер адам 11 жылға сотталды
Фото: Бейнеден кадр
Жамбыл облысындағы Мерке ауылының маңындағы жанармай бекетінде белгісіз адам ресейлік байкерді пышақтап кеткен. Сот күдіктіні 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта айыпталушы бұл әрекетін «мотоцикл жүргізушілеріне деген жеке өшпенділіктен» жасағанын айтқан.
Бастапқыда күдіктіге қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі «пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылық» бойынша айып тағылған еді. Артынша іс ауырлатылып, ер адамға «суық қаруды заңсыз алып жүру» және «бұзақылық ниетпен адам өлтіруге оқталу» бойынша да айып тағылды.
Сотта прокурор 15 жыл бас бостандығынан айыруды және 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салуды сұрады.
Сот күдіктіні кінәлі деп танып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Жаза жеңілдететін жағдай ретінде оның кәмелетке толмаған балаларының бары ескерілді.
Сонымен қатар, сот шешімімен айыпталушы жәбірленушіге 500 мың теңге моральдық өтемақы және 1,3 миллион теңгеден астам материалдық шығын төлеуге міндеттелді.
Еске сала кетйік, оқиға 13 сәуір, жексенбі күні Жамбыл облысы, Мерке ауылы маңындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. Ресейлік байкер Шымкенттегі мотомаусымның ашылуынан қайтып келе жатып, мотоциклін жанармаймен толтыру үшін тоқтаған. Осы кезде қала тұрғыны жақындап келіп, мотоцикл жүргізушісіне екі рет пышақ сұққан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық