Жанар-жағар май ұрлығымен ұсталған депутат партиядан шығарылды
Атырау облысында жанар-жағар май ұрлығымен ұсталған депутат Абзал-Сенбі Самалықов «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылды.
Бірнеше күн бұрын Атырау мәслихатына «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутат Самалықовтың жанар-жағар май ұрлығы бойынша ұсталғаны жария болған. Қазір депутат үйқамақта. 18 маусымда партияның Мақат аудандық бөлімшесінің саяси кеңесі отырыс өткізіп, депутатты партиядан шығару туралы шешім қабылдаған.
15 маусымда «Ақжайық» порталы депутатпен бірге тағы 22 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Ақпаратта Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуелі 20 адам үстінен «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабы (262-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Кейін «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» (189-бап) бабы бойынша тағы бір қылмыстық табылған. Депутат осы бап бойынша күдікке ілінген.
Мақат станциясындағы тауар таситын вагондардағы цистерналардан жанар-жағар май ұрлады деген күдікке 23 адам ілініп отыр. Тергеу органдарының болжамынша, күдіктілер былтыр 31 маусым мен 31 қазан аралығында құны шамамен 20 млн теңге болатын 120 тонна жанар-жағар май ұрлаған.
Күдікке іліккен депутат «Локомотив» АҚ-ның Атырау қаласындағы бөлімшесінің директоры.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық